Атырауда Қарттар күні аталып өтілді
Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай қарттарға және мүгедектерге арналған қайырымдылық түскі асы берілді.
Бүгін облыстық қарттар мен мүгедектер үйінде Қарттар күні атап өтілді. Қазіргі уақытта мұнда 103 адам тұрады: 1 және 2 топтағы 57 мүгедек жандар, қалған 46 — мемлекет қамқорлығындағы қарт адамдар.
— Екінші жыл қатарынан біздің әлеуметтік мекемеде тұратын адамдардың саны бірдей деңгейде — қарт адамдар мен зейнеткерлер көбеймейді әрі азаймайды. Қаламызда бей-жай қалдырмай, демеушілік көмек көрсетіп, қажет нәрселердің бәрін алып беріп жатырған тұрғындардың барына қуаныштымын. Жергілікті билік органдары да бұл істі тыс қалдырмай сый-құрмет сыйлайтын болады,- дейді Қарттар және мүгедектер үйінің директоры Қилымқас Күзембаева.
Тұрғындар әлеуметтік мекемесін құттықтауға Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы келді. Қала басшысы науқастарға ,қария тұрғындарға сыйлық ұсынды және халықаралық мерекеге орай ұйымдастырылған қайырымдылық түскі асқа қатысты.
— Қазақстанда әрқашан да қарт адамдар құрметке ие. Сіздерді осы маңызды күнмен құттықтағым келеді. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін, — деді Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.
Айта кетейік, Атырау облысында 60 жастан асқан 50 мыңнан астам адам тұрады
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі