Атырауда волейболдан Тұңғыш Президент күніне арналған турнир өтті

Жуырда Атырау қаласының №18 мектебінде волейболдан Тұңғыш Президент күніне орай турнир өтті. Турнирге Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және қалалық Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің әскери қызметшілері мен қызметкерлері қатысты.
Шараны кадр және саптық бөлімінің бастығы подполковник Аслан Бүркіталин салтанатты түрде ашып, турнирдің барлық қатысушыларын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.


– «Мен барлық қатысушыларды маңызды мереке – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз даму жылдарында біздің ел барлық салаларда, соның ішінде еліміздің әскери жүйесінде маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда айтарлықтай қол жеткізді. Әрине, бұл жетістіктер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрі көреген басшылығының арқасында», — деді подполковник Аслан Бүркіталин.
Мерекелік турнирге 4 команда қатысты. Ойын барысында турнир қатысушылары өз шеберлігін, ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Спорт залында жанкүйерлер шапалақ ұрып қатысушыларға демеу көрсетіп отырды. Барлық қатысушылар ойыннан күш-қуат алды.
Тартысты ойында кубок иегерлері болып мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік қызметінің командасы жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, үздік ойыншылар анықталып, мақтау грамоталарымен марапатталды.
Айта кететін жайт, Департаменттің әскери қызметшілері мен қызметкерлері үнемі салауатты өмір салтын ұстанады. Бұл тек Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараның біреуі ғана, алда қыруар іс-шаралар күтіп отыр. Мұндай ұжымдық іс-шаралар жеке құрамды біріктіреді, – дейді Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

                            Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі