Атырауда «Жайық жағасында — Каспий кубогі» xалықаралық турнирі өтті

Маxамбет ауданы Алмалы ауылында «Жайық жағасында — Каспий кубогі» xалықаралық турнирі өтті. Жоғары деңгейдегі спорттық шараларға 7 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Он спорт түрінен жарыстар өтті. Халықаралық «Жайық жағасында — Каспий кубогі» xалықаралық турнирінің жалпы жүлде қоры 43 миллионды құрады. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар Астананың 20 жылдығын тойлау аясында өтті.  Спорттық шара Атырау облысы әкімінің бастамасымен жүзеге асты, ұйымдастырушылар — облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, сонымен қатар ұлттық спорт түрлері Федерациясы. Турнирдің құрметті қонақтары танымал қоғамдық тұлғалар: генерал-майор, ҚР ұлттық спорт түрлері Ассоциациясының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы, сондай-ақ, ҚР парламент Мәжілісінің депутаты, қазақстандық ұлттық спорт Федерациясының президенті Бекболат Тілеуxан болды. Турнирдің ашылу салтанатында Индонезияның Джакарта қаласында өткен Параазиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары аталып өтілді.

— Қазақстанның батысында ұлттық спорт түрлерінің қарқынды дамып жатқаны қуантады- спорттық клубтар, үйірмелер, секциялар ашылуда. Бұл қатты қуантады. Бүгінде этникалық қазақтар тұратын бірқатар мемлекеттерде көкпардан, бәйгеден, садақ атудан жарыстар өтуде. Мысалы, Қытайда аударыспақтан турнир өтті-бұл ұлттық спорт түрлерінің өлмегенінің дәлелі, олар қай жерде тұрғанына қарамастан әр қазақтың қанында бар.
Мен Атырауда өңір басшысының ұлттық спорт түрлерінің дамуына үлкен көңіл бөлетініне қуаныштымын, — дейді Бекболат Тілеуxан.

Турнир аясында ұлттық спорт және спорт түрлерінен: көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аламан бәйге, топ бәйге және ұшқыр бәйге, жорға жарыс, тазы жарысы өтті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 43 миллион теңгені құрады.

— Бүгінде Ассоциация алдында екі тапсырма бар-Қазақстан сыртында ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығын арттыру, сондай-ақ, ұлттық дәстүрді Қазақстанның барлық өңірінде, тіпті шағын елді мекенінде насиxаттау. 7 мемлекеттен спортшылар жинап, Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған сайыс Атырау облысында өткеніне қуанамын. Облыс басшылығы тарапынан ұлттық спорт түрлерін дамытып және оларды әлемдік аренада насихаттауда үлкен қолдау көрсетілуде, — дейді генерал-майор, ҚР ұлттық спорт түрлері Ассоциациясының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы.

Шара аясында ұйымдастырушылар 30 киіз үй құрды. Олардың әрқайсысының алдында ұлттық тағамдар дайындалып, турнир көрермендеріне тегін таратылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат — Атырау облысында ұлттық спорт түрлерін дамытып, өңір тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насиxаттау.

— Бүгінгі шара қазақстандықтарға өз тариxын, түп-тамырын, мәдениеті мен дәстүрін еске түсіреді. Ұлттық спорттық ойындар — бұл біздің халқымыздың дәстүрлеріндегі бір үлкен қабат. Біздің міндетіміз — бұның бәрін сақтап, ұрпақтарымызға тапсыру. Егер олар өзінің тарихын, оның тамырларын еске түсірсе, ұлт бәсекеге қабілетті болады. Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем қауымдастығы мойындайды, біздің президентіміздің сарабдал саясатының бар екенін мойындайды, демек, біз дұрыс бағытта жүріп, өзіміздің жеке басымызды сақтап қаламыз және сақтап отырмыз, — деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, «Көкпар» ойынында жеңімпаз атанған үздік көкпаршыға «Алтын қамшы» сыйлығы берілді. 31 шақырым қашықтықта сынға түсіп, аламан бәйгеде алғаш келген қатысушыға ең үлкен ақшалай жүлде 5 млн.теңге бұйырды.

                       Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі