Атырауда жаңа көше шамдарын арнайы диспетчерлік пункті қадағалайтын болады
Атырау қаласы мен сыртқы елді мекендерге жарық шамдарын жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр.
Жыл басынан бастап LED-шамдарын қосу іске асуда. Атырау қаласындағы үш көшеге жарық шамдары іске қосылған болса, соның ішінде Еркінқала ауылдық округінің көшесінде жарық шамдары іске қосылды. Жаңа LED-шамдары энергия қуатын сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, жобаның сақталу мерзімі ұзақ болып табылады.
-LED-шамдарының ерекшелігі қуат көзінің түсетін аумағына қарай азайтып немесе көбейтуге болады. Сондай-ақ, бұл шамдарды арнайы қадағалайтын диспетчерлік пункт жұмыс жасайды. Олар электронды жүйеде шамдардың жанып немесе жанбай тұрғанын анықтай алады. Жаңа жобаның мерзімі 10 жыл, дейді энергетика басқарма басшысының орынбасары Мұрат Игалиев.
2017 жылдан бастап «Атырау қаласындағы көше жарығы желісінің құрылысы және пайдалану» жобасы іске асырылып келе жатыр. Аталған жоба бойынша Атырау қаласының 39 көшесін жарықтандыру жоспарланған болатын. Құрылыс жұмыстары 2 кезеңге бөлінген.
-2017 жылы LED-шамдары 19 көшеге жүргізілген болса, биылғы жылы 20 көшеге көше шамдарын жүргізетін болады. Тағы да қаланың сыртқы аумағындағы 7 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарда бар. Бұл жобалар осы жылдың соңында аяқталып, тапсырылатын болады, — дейді энергетика басқарма басшысының орынбасары Мұрат Игалиев.
Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі