Атырауда жаңадан құрылған тергеу сотының төрағасы мен судьясы таныстырылды

Атырау облысы соттарымен ағымдағы жылдың 6 айындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы мен судьясын таныстырды.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 19 шілдедегі Жарлығымен Дюсебалиева Бахытгүл Сағынқызы Атырау қаласының №2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Президенттің 2018 жылғы 28 маусымдағы Жарлығымен Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы болып Атырау қаласының №2 сотының судьясы қызметінен босатылған Трумова Дина Чоканқызы тағайындалды.

М.Бектұрғанов оларды тағайындалуларымен құттықтап, жемісті әрі сәттілікке толы еңбек тіледі.

Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында Қазақстан Президенті Нұрсұлан Назарбаев «Мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадрлық мәселелері» туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Анықтама! Тергеу судьясының лауазымы Қазақстанда 2015 жылы енгізілді. Тергеу судьясы тергеу әрекеттерін санкциялайды. Ол күзетпен ұстау, үйқамақта ұстау, қызметінен уақытша шеттету, жақындауға тиым салу, экстрадициялық қамақ бойынша шешім қабылдайды. Судья күзетпен ұстау, үйқамақта болу, экстрадициялық қамақта болу мерзімін созуға құқылы. Сонымен қатар, оның міндеттеріне кепілді қолдану, мүлікке тиым салу, күдіктіні халықаралық іздеуге жариялау, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекетсіздігіне қатысты шағымды қарау және Қылпыстық процестік кодекстің 55 бабында көрсетілгеннің барлығы кіреді.

  Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі