Атыраудан жеткен ақ тілек
Құрметті Ұжымдастар, журналист -әріптестер!
Баршаңызды төл мерекемізбен шын жүректен құттықтай отырып, осы қазір ғана сіздерге арнап шығарған жыр шумақтарын шын жүрегіммен жолдаймын. Бір Аллам баршамызға осы мамандығымыздың мемлекетіміз бен халқымызға, барша адамзатқа берер игілігін көріп, осы кәсіпте шын шеберлікке жетуге жазсын! Ұжымға, газетімізге шығармашылық жетістік пен мол табыс , алдағы күндерімізге береке, бірлік , қуаныш пен жаңа өрлеу тілеймін!
Ол – журналист
Компьютерде күні-түні отырып,
Мақаланы бұрқыратып жазатын.
Қамын ойлап өзгелердің, қоғамның
Өзін-өзі ұмытатын адам кім?
Ол – журналист!
Көше кезіп жаңбырда да, ыстықта,
Жағынбайтын еш уақытта бастыққа.
Қарамайтын көңіліне ешкімнің,
Әділдікті пір тұтатын адам кім?
Ол – журналист!
Ұмытатын туған күнін өзінің
Сұсы басым қаламының ұшының,
Қарсы алатын жазуменен мейрамын
Еш марапат күтпейтұғын адам кім?
Ол – журналист!
Сәл ғана сол жалақыға тұшынып,
Өмір жайлы ойлағанда құлшынып.
«Ол – бай, ол – ақылды, ол –дарын»
Өзін-өзі көтеретін адам кім?
Ол – журналист!
Қуғын-сүргін көрсе-дағы, «күлетін»,
Ұлты үшін жаны оның күйетін.
Бар әлемге бейбітшілік тілейтін,
Осы өмірде ең гуманист адам кім?
Ол – журналист!
Менің қымбатты әріптестерім, әлемдегі ең тамаша мамандық иелері, сіздерге өмірдегі бар жақсылықты тілеймін!
Құрметпен Светлана Муньянова.
28 маусым 2016 жыл. Атырау қаласы