Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген сарыкемерлік Шуақбай Бекниязов ұлы тұратын тұрғын үйдің жанынан көршісі заңсыз құрылыс бастағанын және Сарыкемер ауылындағы К. Орынқұлов көшелері бұрылыстарының атауларын өзгерту мен тұрғын үйлердің нөмірлерін рет-ретімен орналастыру туралы өтінішін білдірді.
Ал, ақжарлық тұрғын Марат Қуанышев ағын судың тапшылығы туралы өтінішін арқалай келіпті.
Қабылдау барысында көтерілген мәселеге орай, өтініш иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.