Аудан әкімі қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталық жетекшілерімен кездесті

Аудан әкімі қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталық жетекшілерімен кездесті
Бүгін аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандағы қоғамдық бірлестіктер, ауған соғысы ардагерлері, ауған-тәжік шекарасындағы ұрыс қимылдарға қатысқандар, Семей апатынан зардап шегушілер ұйымдарының және аудандық этно – мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесті.

Жиын барысында аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталықтардың атқарып жүрген жұмыстарымен, алдағы жоспарлы іс-шараларымен танысты.
Қоғамдық ұйымдардың, этно-мәдени орталықтардың аудан дамуы жолында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс атқарып, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру керектігіне тоқталды. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдардың сенімді әріптесі әрі аудан тұрғындарының ерік-жігерін білдіретін ұйымдар екендігін айтып, проблемалық мәселелерін тыңдады.

Өз кезегінде қоғамдық ұйымдардың, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс атқарып жүрген қоғамдық бірлестіктер өз жұмыстарымен бөлісті.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты.

Сарысу ауданы әкімдігі