АУДАН ӘКІМІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ 5 КОМПЬЮТЕР СЫЙҒА ТАРТТЫ

Кеше аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Өз өмірлерін Отан қорғанысына арнаған бейбіт күннің батырлары елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде.

Қиын сәтте абыройлы міндеттерін аянбай атқара білетін олар қауіпті індетпен күресте табандылық танытып, төтенше жағдай талаптарын жоғары жауапкершілікпен орындай білді.

 

 

Ерекше талапты бұлжытпай орындап, елдің болашағы үшін күрескен қызметкерлерге риясыз алғыс білдірді.

Полиция бөлімі ұжымының мінсіз қызметін жоғары бағалаған аудан әкімі еңбектеріне табыс тілеп, қызмет бабында жеделдікке қажетті заманауи 5 компьютер сыйға тартты.

Аудан басшысынан сыйды қабылдап алған, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов те өз кезегінде алғысын білдіріп, аталмыш жаңа үлгідегі компьютер жиынтығын тәртіп пен талапты орындау барысындағы қызметтік жұмысқа пайдаланатындығын айтты.

 

 

Қашанда бүгінгідей технология озық дамыған уақытта мұндай заманауи компьютер жиынтығының қажеттілігі жоғары.

Сондықтан талмай еңбек етіп, жақсы көрсеткіш көрсету үшін қажеттіліктер туындамауы керек.

Ауданның тынысы мен тыныштығы жолында бірігіп еңбек ете берейік деген аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов, полиция саласының жұмысына сәттілік тіледі.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы