АУДАН ӘКІМІ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДА…
Өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету – әрбір жас қазақстандықтың міндеті.
Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде күзгі және көктемгі мерзімде әскерге шақыру науқаны жүреді.
Сәуір айының бірінен бастап көктемгі әскерге шақыру үрдісі басталып кетті.
Қазіргі таңда ҚР-ның Қарулы күштеріне әскерге шақыру науқаны жүруде.
Шекара қызметі мен Ұлттық Ұланға шақырту жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.
Жалпы Сарысу ауданында 2000-ға жуық әскер қатарына шақырылатын жас бар.
Жыл басынан бері 25 бала әскерге аттанып, өткен жылмен салыстырғанда меже артығымен орындалған.
1-шілдеге дейін көктемгі науқан жалғасуда,-деді Жаңатас қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы Асан Пшаев бүгінгі аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевпен кездесу барысында.
Осы кездесуде аудан басшысы 1970-80 жылдары қолданысқа беріліп, ешбір күрделі жөндеу көрмеген бөлімнің ғимараттарын аралап, ұжыммен жеке-жеке жолықты.
Жөндеу жұмыстары жөнінде мәселелер көтерілді.
Сондай-ақ, ғимарат маңындағы тал-дарақтарға қарап ризашылығын білдірді.
200- ден астам жеміс, қара талдар егіліп, бөлім шырайын аша түсуде.
Өз кезегінде бөлім бастығы аудан әкімдігі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға алғысын жеткізді.
Атап айтар болсақ, аудан әкімдігі тарапынан әскерге шақыру пункті қамтамасыз етілген.
Тек пункт қана емес көлік, медициналық құрал-жабдықтар, кеңсе заттары мен жиһаздар, компьютерлермен толықтай жабдықталған.
Міне, аудан басшысының да көкейінде осылайша біргелікте қызмет ету. Істен оң нәтиже шығару.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы