Аудан әкімінің аппараттық кеңесі
Бүгін Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Е.Карентаевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, маңызды мәселелер талқыланды.
✅ Күн тәртібіндегі басты мәселелер:
Көктемгі 2 айлық сенбілік жұмыстарының барысы;
Бір көзден мемлекеттік сатып алу жұмыстары;
Ауданның 60 жылдық мерейтойына дайындық;
“Ауыл аманаты” жобасының 5-бағытының орындалуы;
Шағын футбол алаңшаларының жағдайы;
Мамыр айында өтетін мерекелік іс-шаралар.
Кеңес барысында аудан әкімі орынбасарларына, бөлім басшыларына, ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріп, орындалмаған жұмыстар бойынша тәртіптік шаралар қолданылатынын ескертті.
🔑 Маңыздысы – тиімді жұмыс және үйлесімді қызмет!