АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан орталығы Жаңатас қаласында «Қош келдің, Жаңа жыл – бақытты менің еліме!» атты аудан әкімінің шыршасы өтті.
Жаңа жылдық шараға аудан әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы және мекеме басшылары қатысып, мерекелік кештің құрметті қонақтары болды.
Мерекелік шарада аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сөз сөйлеп, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Әкім шыршасында Аяз ата, Ақшақар, Қар ханшайымдары, Жылан, және түрлі ертегі кейіпкерлері жиналған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлап, мерекелік кеш думанға ұласты. Әсем әндер мен тақпақтар айтылып, қойылымдар орындалды.
Аудан бойынша аудан әкімінің атынан 2000-ға тарта балаға сыйлық берілсе, демеушілер тарапынан тағы 1900 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Жаңа жылдық керемет қуаныш пен шаттыққа толы аудан әкімінің балаларға арналған шырша тойы балалар үшін өте қызықты және есте қаларлықтай деңгейде ұйымдастырылды.