Аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов Ұланбел, Сарыөзек, Қарабөгет, Құмөзек және Қылышбай ауылдарында мониторинг жұмыстарын жүргізді
Бүгін Мойынқұм аудандық мониторинг топ жетекшісі аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов бастаған топ мүшелері әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясының алдын алуға және Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарының орындалуына байланысты Ұланбел, Сарыөзек, Қарабөгет, Құмөзек және Қылышбай ауылдарында болып, онда орналасқан мекемелердегі санитарлық талаптардың орындалуына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған ауылдардағы анықталған бұзушылықтарға байланысты 6 хаттама толтырылды.