Аудан аумағында биыл халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды шаралар қолға алынды.

Жамбыл облысы,Тұрар Рысқұлов ауданы-аграрлы аудан саналады. Барлық көрсеткіштер бойынша өткен жылды жақсы аяқтаған ауданда биыл да айтарлықтай жұмыс көп.
Аудан аумағында биыл халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды шаралар қолға алынды.
Ауданның шалғай ауылдарында ауыз су мәселесі өзекті екені бұрыннанибелгілі.
Көпшіліктің көкейінде жүрген, ауыз су проблемасы жылдар бойы шешімін таппаған ауылдардың бірі-Өрнек ауылдық округіне қарасты Әбжапар ауылы болатын.

 

Биыл өзге 8 ауылмен бірге ауыл халқы таза ауыз сумен қамтылады. Бұл мақсатқа қаражат бөлініп, су құбыры құрылысы жұмысы басталып кетті.
Құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігер компания болып » ТаразИрригация»ЖШС-і танылса, авторлық қадағалаушы — » ЛидерПроект Дизайн»ЖШС-і. Қазіргі таңда ауыз су құрылысының алғашқы қадасы қағылып,ауыл ішінде қызу жұмыс басталды.
Ауыз суы үлкен даулы мәселеге айналған ауылдың өзекті проблемасы өз шешімін табар күн де алыс емес.
Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов сала басшыларымен бірге Әбжапар ауылында болып, мердігер компания басшыларымен кездесті.
Бөлінген қаражаттың тиімді жаратылуы,сапалы жұмыс атқарылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеп,халық игілігі үшін атқарылатын жұмысқа бақ

 

 

ылау көп болатындығын ескертті. Ауыз су құрылысын жүргізуге қатысты сала басшыларымен бірқатар мәселелерді талқылады.
Айта кету керек,биыл ауданда 8 елді мекен тұрғындары үшін таза ауыз су құрылысы жүргізіліп,ауқымды жұмыс жүзеге аспақ.Қазір Әбжапар,Жарлысу,Құмарық,Алғабас, Бәйтелі,Құлан ауылдарында ауыз су құрылысы жұмыстары басталып та кетті.