АУДАН ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының бұйрығымен Оспанов Талғат Қыдыралыұлы Мойынқұм ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Ауданның жаңа прокурорын аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы мен облыс прокурорының орынбасары Әділ Әбдіқадырұлы таныстырды.
Кадрлық өзгеріске байланысты ұйымдастырылған жиынға аудандық сот төрағасы Б.Далибаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ж.Тохабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Жиында облыс прокурорының орынбасары Әділ Кәрім қызметке тағайындау жөніндегі бұйрықпен және аудан прокурорының өмірбаянымен таныстырды. Содан соң аудан әкімі Әлихан Балқыбеков сөз сөйлеп, жаңа қызметке кіріскен Талғат Қыдыралыұлына жауапкершілігі жоғары қызметте абыройлы болуына тілектестігін білдіріп, ауданда бірнеше жыл бойы прокурорлық қызметті абыроймен атқарған Ілияс Прмаханұлына алғыс айтып, алдағы қызметіне де сәттілік тіледі.
Айта кету керек, Т.Оспанов 1986 жылы 27 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылдында дүниеге келген. 2008 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Прокуратура органдарында 2012 жылдан бастап, Тараз қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Тараз қаласы прократурасының бөлім бастығы, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Мойынқұм ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Мойынқұм ауданы әкімдігі