АУДАНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Бүгін Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесінің бойында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
🔰Жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылып, өнімдер нарық бағасынан төмен бағада тұрғындарға ұсынылды.
🔰Жергілікті тұрғындар төмен бағада ұсынылып отырған жәрмеңкенің халық үшін тиімділігін айтып, ризашылығын білдіруде: -Ауылшаруашылық жәрмеңкесі халық үшін аса тиімді. Әр апта сайын қажетті өнімдерді алу үшін жәрмеңкеге барып, арзан бағада сапалы өнімдерді сатып аламыз. Осындай іске ұйытқы болып отырған аудан басшылығына алғысымызды білдіреміз, — дейді тұрғындар.
🔰Сондай — ақ, жәрмеңкеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2028 жылға дейін ауылшаруашылығы саласына өндірілетін өнім көлемін екі есе ұлғайту керек» деген нақты міндеті және облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен ауылшаруашылығы техникаларының көрмесі өтті.
🔰Бүгінде мемлекет тарапынан Қазақстанда құрастырылған ауылшаруашылығы техникаларына 30 % субсидиялау қарастырылып отыр. Бұл ауылшаруашылық саласына деген үлкен қолдау. Бүгінде ауданда 28 дана ауылшаруашылық техникаларын жаңарту көзделуде. Аталмыш жұмыстар «АгроТехМенеджмент» компаниясының ұсынуымен іске асуда.