АУДАНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Үстіміздегі жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік» атты республикалық акциясы басталған болатын.
Акцияның мақсаты — әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау, сондай-ақ әйелдер мен балалардың әлеуметтік мәселелері және отбасы құндылықтары туралы кеңінен насихаттау.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде аталған акцияның ашылуына арналған шара өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов ашып, жүргізді.
Шара барысында гендерлік теңдік ұстанымын айқындау, ауыл әйелдерінің мәселелеріне назар аудару, әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау, сондай-ақ әйелдер мен балалардың әлеуметтік мәселелері талқыланды.
Акцияға қатысқан Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының психологы Гүлзира Қонырбекова, Сарысу аудандық полиция бөлімінің полиция майоры, әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Меруерт Дүйсенова, Сарысу аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Жандарбек Қалмырза, Сарысу аудандық аналар алқасының мүшесі Күлімша Уасова өз ойларын ортаға салды.
Тұрмыстық зорлық- зомбылыққа көбіне әлсіз балалар мен әйелдер қауымы ұшырайтындығын, оған көбіне қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болатындығын, сондықтан әйелдерге мен балаларға қатысты зорлық- зомбылықпен күрес — бұл қоғамның ортақ жауапкершілігі екендігін айтты.
Жиында арнайы тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, тәрбиелік мәні зор термелер орындалды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы өте маңызды тақырыптың талқыланғандығын, бұл акция болашақ ұрпаққа қауіпсіз, әділетті әлем құруға қосқан үлестің бір көрінісі екендігін, әрбір адам бұл жолда бірігіп, зорлық- зомбылыққа қарсы тұруы қажеттігін айтып, жиынды қорытындылады.