АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
Ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына отын сатып алу үшін қаралған қаржы 11233,0 мың теңге. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 1359 маманға қаржы жеке шоттарына аударылды.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке қаржы қаралған. Есепті мерзім ішінде 684 аз қамтылған отбасындағы 3634 азаматқа төленді.
Оның ішінде шартты ақшалай көмек түрін 544 отбасы (оның ішінде 2975 адам), шартсыз ақшалай көмекті 140 отбасы (оның ішінде 659 адам) алып отырды.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың ішінен белсенді іс шараларына 270 адам тартылды. Оның ішінде, тұрақты жұмысқа орналасқандар 108 адам, қоғамдық жұмысқа тартылғандар 53 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар 23 адам, мемлекеттік грант алғандар 80 адам, жастар практикасына жолданғандар 4 адам, кәсіптік оқу жолданғандар 2 адам. Жамбыл облысы әкімдігінің басқармасы мен Сарысу ауданы әкімінің арасындағы Келісімдердің түйінді нысаналы индикаторларының 2020 жыл қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасындағы еңбекке қабілетті (шартты ақшалай көмек, жоспар – 21 пайыз) 972 адамның жұмыспен қамту белсенді шараларына тартылғандары 270 адам.
Тұрғын үй жәрдемақысына қаржы бөлінген. Жыл ішінде 284 отбасы өтініш білдіріп, оның екеуінің құжаттары заң талаптарына сәйкес болмағандықтан кері қайтарылды. Есепті мерзімде 282 отбасындағы 1036 адам төлемге жіберілді.
Жыл ішінде үйде арнаулы қызмет көрсету жағдайында мүмкіндігі шектеулі 37 балаға, 18 жастан асқан 12 мүгедекке, жалғыз басты 116 қарт соның ішінде 3 мүгедекке, барлығы 165 адамға 20 күтім жөніндегі қызметкер қызмет көрсетті.
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым «Шапағат» мүгедектер қоғамдық бірлестігі тарапынан 32 адамға (18 жастан асқан 13 мүгедек, мүмкіндігі шектеулі 19 бала) ҮЕҰ-ның 6 күтім жөніндегі қызметкері үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.
Жүріп-тұруы қиын 1-ші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызмет көрсетуіне қаралған қаржыға 96 адам (54 тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, 26 көзі нашар көретіндер) қамтылды. Қызмет көрсетуші «Молодежное общество инвалидов» корпоративтік қоры.
Міндетті гигиеналық құралдармен және қосымша компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге бөлінген қаражатқа 177 адам қамтылды.
Қосымша компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге бөлінген қаражатқа қамтылған адам саны 88.
Мүгедектерге «Шапағат» корпоративтік қоры инватакси қызметін көрсетті. Қызмет көрсетуге қаралған қаржы, толығымен жұмсалды.
Жыл ішінде 48 мүгедектерге барлығы 1548 қызмет, немесе айына орта есеппен 129 шақыртулар түсіп, орындалды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 18.04.2020 жылғы № 212 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу Қағидаларына сәйкес ауданда 2550 азаматқа коммуналдық шығындары өтелді.
Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі