АУДАНДАРДАҒЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КЕҢЕСТЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНА ТҮСЕДІ
Ағымдағы жылы маусым айының 27-ші жұлдызында Жылыой ауданында Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамлеясы және Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ң ұйымдастыруымен Кеңес отырысы өткізілді. Кеңес жұмысында бірнеше маңызды тақырып қаралды. «Жазаланғанның жағдайы қалай?» тақырыбына орай үстінен іс қозғалып, еліміздің заңы бойынша сотталып, жазасын өтеп оралғандардың тағдырына қатысты мәселелер айтылды. Ауданда мұндай жандарды жұмысқа орналастыру, маманық алуы үшін курстарға жіберу, тәрбиелік бағыттағы шаралармен сауаттандыру жұмыстары жолға қойылған. Мұны одан әрі жетілдіре отырып, жазасын өтегендермен іс-шараларды жалғастыру сөз болды.
Келесі тақырып бойынша Қоғамдық келісім Кеңесінің аудан әкімі арқылы берілген шешімдері мен ұсыныстарының орындалу жайы баяндалды. Аудандағы сан ұлттың бірілігі мен ынтымағын нығая түсіп, қоғамдағы даму жолында игілікті жұмыстар жалғасын табуда. Мұны ауданның сан-саладағы ілгерілеу жолынан көруге болады. Енді алдағы жылдарда осы бағыттағы жұмыстар жаңару жолымен жаңғыра түсуге тиіс. Сондықтанда «Қоғамдық келісім» Кеңестерінің жұмысын жандандыру мәселесі тақырыбына да ерекше маңыз беріліп, тапсырмалар мен ұсыныстар айтылды.
Кеңес отырысы тәжірибе алмасу кәсіби пікірталас пен өзара сұхбатқа ұласты. Бұл орайда облыстық ҚХА жанындағы «Қоғамдық келісім» Кеңесінің төрағасы Д.Құлжанов сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын айтты, «Қоғамдық келісім» жұмысына сәттілік тіледі.
Кеңес отырысын Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ж. Досқалиева қорытындылады. Сонымен қатар қоғамдық келісім кеңесінің алға қойған жоспарларымен таныстырды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі