АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті. Жиынның алдында Сәкен Үмбетұлы аудан активіне Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директорын таныстырды.
Сонымен қатар, ауданымыздың салық жүйесінде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келген Тоқтарбеков Орманбек Қазыбекұлын күні кеше 26 қаңтар күні 63 жасқа толып, зейнетке шығуына байланысты, иығына шапан жауып, құрмет білдірді.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Ауданның сәулеттік келбеті мен құрылыс саласын дамытудың 2025 жылға арналған жоспары туралы» аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы – Ж.Сақыпбеков баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Қыс мезгілінде төтенше жағдайдың алдын алу және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы – А.Мелдеевтің баяндамасы тыңдалды.
Сондай — ақ, қосымша «Жаңатас қаласы бойынша көрнекі ақпарат құралдары, тазалық мәселесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру және көше жарықтарының жағдайы туралы» Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары М.Бегеев атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сондай — ақ, алқа жиында қаралған 16 мәселе жан — жақты талқыланып, қаулының жобасы бекітілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру және жүйелі жұмыс жасау үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі