АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
🔰Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Ауданда туризм саласын дамыту бойынша
атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Данияр Ермекбаев баяндама жасады.
Жалпы ауданда 160 археологиялық және тарихи-мәдени орындар бар, оның ішінде:
115-і археологиялық орындар; 45-і тарихи — мәдени орындар. Республикалық реестрге 1 нысан енгізіліп, орналастыру құжаттары мен мемлекеттік актісі алынған. Киелі жерлер географиялық картасына 3 нысан енгізілген, олар «Шоқай датқа» кесенесі, «Ықылас Дүкенұлының мемориалы» және 9-15 ғасырдағы «Саудакент қалашығы»
🔰Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша “Наурыз айында өтетін мемлекеттік,
діни және ұлттық мерекелік
іс-шараларға дайындық жұмыстары:
туралы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова баяндады.
🔰Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толады. Жүзден астам этнос өкілдерінің басын қосып отырған ұйым, қоғамдық келісім, ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету сынды маңызды миссияны атқарып келеді. Биыл мерейтойға орай 7,0 мың адамды қамтитын 30-дан аса іс-шара жоспарланып отыр. Қоғамның бірлігін нығайту, жастар арасында дұрыс құндылық бағдарларын қалыптастыруға ықпал ететін «АДАЛ АЗАМАТ», «Достық керуені», «Мемлекеттік тіл-этносаралық» жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйі және оған қарасты ауылдық клуб мекемелерінде наурыз айында 61 мәдени көпшілік іс шаралар өткізу жоспарлануда. Оның ішінде аудандық мәдениет үйінде-5, Саудакент ауылдық мәдениет үйінде-5, ауылдық клубтарда-51 іс-шара.
Аудандық спорт бөлімі тарапынан – 10 спорттық іс-шара және Жастар ресурстық орталығының тарапынан 17 іс-шара өткізілетін болады.
🔰Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру және жүйелі жұмыс жасау үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.