Аудандық кезең
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», — деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта да өз мәнін жойған емес.
«Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр.
Аудандық білім бөліміне қарасты Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің базасында 5-6 сыныптарға арналған пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Бүгінгі білім сайысында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталмақ.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы