АУДАНДЫҚ МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Еліміздің барлық өңірлері қызыл аймаққа өтуіне байланысты Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес той-жиын өткізуге қатаң тыйым салынған.  Т.Рысқұлов ауданында эпидемиологиялық ахуалға байланысты коронавирус індетінің таралуының алдын алу бойынша мобильді топ күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Күні кеше аудан әкімінің орынбасары Әлібек  Терлікбаев және аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастановтың жетекшілігімен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып аудан аумағындағы тойханалар мен демалыс орындарына рейд жұмыстары жүргізілуде.

Рейд барысында Құлан ауылындағы “Жекен” кафесінде той ұйымдастырылып жатқаны анықталып, мобильді топ мүшелері тарапынан тиісті шаралар қабылданды.

Адам көп шоғырланған орындарда вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Сақтық шараларын сақтамай, карантин режимін бұзған кәсіпкерлер саны азаймай отыр.

Тиісінше аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ тарапынан заң аясында шаралар қолданылуда.