Аудандық турнир
8 наурыз —Халықаралық әйелдер күніне орай Спорт кешенінде әйелдер арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Турнир Халықаралық волейбол федерациясы бекіткен ережеге сай өткізіліп, жарысқа 6 команда қатысты. Жеңімпаздарды аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев марапаттап, «Әйелдер қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени салаларындағы оң өзгерістерге белсене араласып келеді. Спорт қай заманда да адамзатты бейбітшілік пен берекелі тірлікке үндеп келген. Сарысу ауданының қыз-келіншектері қашан да еселі еңбектің алдынғы легінде болып, жоғарғы маратапаттарға ие болуда», —деп, қатысушы қыз-келіншектерге алғысын білдірді. Турнир қорытындысы бойынша І-ші орынды Жаңатас спорт мектебі, ІІ-ші орын Казфосфат ұжымы,
ІІІ орынды М.Әуезов гимназиясы иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына диплом, медаль мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сарысу ауданы әкімдігі