АУДАННЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Күні кеше ауданымыздағы «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйымдастыруымен жыл үздіктерін марапаттау мақсатында «Shu Zhastar» атты жастар премиясы өтті.
Аталған шара өңіріміздің әрбір саласында жемісті еңбек етіп жүрген үздік жастарды анықтау, бүгінгі буынды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ерекше форматта өткен кеште жастарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.