Ауданның дамуы басты назарда

Маңғыстау ауданы жайлы қысқаша анықтама:

Маңғыстау ауданы — Маңғыстау облысының орталығында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан орталығы — Шетпе ауылы. Ақтау қаласынан Шетпе ауылына дейінгі арақашықтық –159 км. 7 ауылдық  округ, 5 ауылға қарасты барлығы 21 елді мекен бар.

Тілші: Жармағанбет Қайырмағанбетұлы, саламатсыз ба. Бәрімізге белгілі Маңғыстау ауданы облыстың өзге аудандарының ішінде ауыл шаруашылығына машықтанған. Жалпы, ауданның осы саласында қандай жаңалық бар?

Жармағанбет Айтуаров: сұрағыңызға рахмет. Иә, ауданның ауыл шаруашылығының негізі – мал шаруашылығы, оның ішінде қой, түйе, жылқы шаруашылықтары. Аудан көлемінде 381 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі қызмет етеді. Оның ішінде 343 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 1 ауыл шаруашылығы кооперативі өңдеу өнеркәсібімен айналысады.

Шаруа қожалықтарында 1627 адам жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтары мал басын өсіріп, егін егіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен бірге тұрақты жұмыс орны болуда. Көптеген шаруа қожалықтары отбасылық негізде құралған.

қ/с Мал түрі Өлшем бірлігі 2017 жыл

01 шілде

2018 жыл

01 шілде

Өсімі
бас %
1 Мүйізді ірі қара Бас 7 946 8 525 579 7
2 Қой Бас 122 617 131 647 9030 7
3 Ешкі Бас 45 963 49 146 3183 7
4 Түйе Бас 20 840 22 890 2050 10
5 Жылқы Бас 36 235 40 547 4312 12
6 Құс Бас 2 270 3 099 829 37

2018 жылдың 6 айында 1569,8 тонна тірілей салмақта ет, 1214,1 тонна сүт, 47,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Өткен жылдың 6 айында  1526,3 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылса, осы жылдың есепті кезеңінде 1844,9 млн. теңге  өнім өндірілді.

Мал азығын дайындауға келсек, 2017 жылы жергілікті жерден 23 734 тонна мал азықтық шөп дайындалды. 6 тонна мал азықтық шөп былтырдан қалып, сақтаулы тұр.

Жайылымды суландыру

2018 жылдың 6 айында «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында 6 құдық қазылып, 5 құдыққа сұраныс беріліп тұр. Сонымен бірге шаруа қожалықтардың өз күшімен 5 құдық қаздыртты. «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ы күшімен 1 фонтан қазылды.

Егін шаруашылығы да осал емес. Егін шаруашылығы негізінен Жыңғылды, Өтес, Ақтөбе, Онды, Шайыр селолық әкімшілік аумақтарында өсіріледі. 2017 жылы егістік жер 247,4 га құрады. 25 шаруа қожалығы 189,2 га жерге тамшылата суару қондырғысын пайдаланды.

Биыл 37 шаруа қожалығы  261,4 га жерге егін екті. Оның ішінде 27 шаруа қожалығы 200,48 га жерге тамшылата суару қондырғысын пайдаланып отыр.

Минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға арналған субсидиялау процестерін автоматтандыру мақсатында жүргізіліп жатқан егістік алқаптарды цифрландыру бойынша бүгінгі күні   262,21 га жері енгізілді. 100,3 % орындалды.

Жылыжайларға келсек қазіргі таңда аудан көлемінде жеке азаматтардың жылыжайлар салуы  қолға алынып келеді. Өткен жылы 3 жылыжай салынса, биыл 8 жылыжай жұмыс жасап тұр.

 

Тілші: Кәсіпкерлік саласы қалай дамуда? Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қолдауымен жасақталған «Нұр капитал» бірегей жобасы ауданда қалай жүзеге асып жатыр?

Жармағанбет Айтуаров: Ауданда  кәсіпкерлер  саны 2479 адам болып,   жыл басынан бері 2,8  пайызға өсті (01.01.2017 жылы — 2411).  Осы жылы аудан кәсіпкерлеріне:

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламаламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 15 адамның        50,0 млн. теңгеге жобалары тапсырылып,   шағын  несие берілді.

«Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы  5 адамға 6,07 млн.теңге лизингке техника, жалға мал, тауарлар алуға несие берілді.

«Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы 5 адам 26,8 млн.теңге несие алды.

Жалпы барлығы 25 адамға 82,87 млн.теңге несие берілді (өткен  жылы  19 адамға  57,0 млн.теңге несие берілген ).

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на  9-адамның 37,0 млн.теңгеге,   «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС-не 9 адамның 32,5 млн.теңгеге несие алу үшін құжаттары  тапсырылды.

        «Нұр Капитал» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау өңірлік бағдарламасына 1-ші жартыжылдықта    бірінші кезеңде 201,0 млн.теңгенің 11 жобасы ұсынылды, одан 97,0 млн.теңгенің 4 жобасы мақұлданды(36 жұмыс орны),  екінші кезеңде 199,0 млн.теңгенің  9 жобасы ұсынылып, одан 129,5 млн.теңгенің 5 жобасы мақұлданды (47 жұмыс орны),  барлығы  226,5 млн.теңгенің 9 жобасы (83 жұмыс орны) облыстық үйлестіру кеңесі арқылы мақұлданып, қаржыландыруға банкілерге жіберілді.

Қазіргі таңда облыстық үйлестіру кеңесіне 13 жоба (212,5 млн.теңге несие, 82 жұмыс орыны) тапсырылуға дайын.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жұмыссыздарға, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы  «Бастау-Бизнес»  жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытып,  66 адамға сертификат берді.

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өнеркәсіптік өнімдердің маңызды түрлерін өндіру бойынша (қиыршық тас карьерлері, «Каспийцемент» ЖШС-нің ұлу тас, қиыршық тас, цемент, бор т,б) а.ж. 6 айында 295,8 млрд.теңгенің өнімдерін өндірді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің индексі 102,3%, бөлшек сауда көлем индексі 101,7% болып орындалды.

Ішкі туризмді дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аудан көлеміндегі демалыс орындарды жаңғырту, мәдени ескерткіштерді қалыпқа келтіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Бірнеше жерден этно ауылдар ашу жоспарда бар. Өткен жылы «Көгез» этно ауылына 2150 турист келсе, осы жылдың 6 айында 1700 турист келді.  Қазір осы этно ауылды әрі қарай ұлғайту бағытында «Нұр Капитал» бағдарламасы арқылы несие беру жұмыстары жүруде.

Тілші: Ауданға қарасты ауылдарды сумен қамту қалай жүргізілуде?

Жармағанбет Айтуаров: Ауданда 12 ауылдық округке қарасты, 21 елді мекен болса, соның қазіргі уақытта 10 ауылдық округі мен 14 елді мекеніне «Ақбұлақ» бағдарламасы  бойынша орталықтандырылған су жүйесі тартылған.

Ауылдық елді мекендердің орталық сумен жабдықтау бойынша үлесі  2017 жылдың қорытындысымен  67%  құрап отыр.

«Тұщыбек селосындағы селоішілік су құбыры, сұйыққойма,  су тазалағыш қондырғы және  есептеу аспабы қондырғысы құрылысы» бойынша 2015 — 2016 жылы 239,7 млн.теңге қаржы бөлініп,  ұзындығы 12,073 шақырым құрылыс жұмыстары аяқталды. 

Жалпы ұзындығы 33,514 шақырым «Жыңғылды ауылдық округіндегі ауылдарды ауыз және техникалық сумен қамтамасыз ету» және «Жыңғылды ауылына есептеуіш құралдарын орнату, 2–кезең» құрылысының жұмыстарына  2016  жылы – 350,0 млн.теңге, 2017 жылы – 370,8 млн.теңге қаржы бөлініп,  жұмыстары жүргізілді.  2018 жылға — 218,8 млн. теңге қаржысы қаралып, жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың тамыз айында толық тапсырылады.

Жалпы ұзындығы 7,112 шақырым «Жармыш  ауылына  кентішілік су құбырын салу және қайта құрылымдауға» 2017 жылға – 188 284,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілді. 2018 жылға – 80 695,0 мың теңге қаржысы қаралып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы ұзындығы 18,624 шақырым «Қазба-Ақшымырау су құбыры құрылысына» (жоба құны – 259 577,0 мың теңге) 2017 жылға – 49 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілді. 2018 жылға – 149 608,0 мың теңге қаржысы қаралып, жұмыстары аяқталды.

Жалпы ұзындығы 23 шақырым «Басқұдық – Бекі топтық су құбырын қайта құрылымдау құрылысына» (жоба құны – 125 797,0 мың теңге) 30 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілді. 2018 жылға – 83 811,0 мың теңге қаржысы қаралып, жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобалық сметалық құжаттарының уақыты өтіп тұрған бірнеше жоба бар, олар Шетпе ауылындағы Жаңа Орпа-2, Ащыбұлақ тұрғын-үй массивтерін сумен жабдықтау құрылысы (552 016,0 мың теңге)(ЖСҚ түзету енгізуге 11300,0 мың теңге қажет),  Шетпе селосы Қосбұлақ-2  шағын  ауданының бірінші тұрғын  үй массивіне кентішілік су құбырын салу (70 560,0 мың теңге)(ЖСҚ түзету енгізуге 4200,0 мың теңге қажет), Қосбұлақ-2 шағын ауданының 2-ші тұрғын үй массивіне кентішілік су құбырын салу (631 838,0 мың теңге) (ЖСҚ түзету енгізуге 5465,0 мың теңге қажет).

 

 

Тілші: Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қалай?

Жармағанбет Айтуаров: Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жақсы. Жалпы, аудан тұрғындары да мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көріп келеді. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында Тұщыбек, Қызан, Шебір, Шайыр, Ұштаған ауылдарынан «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 4 пәтерлі муниципиалдық (коммуналдық, жалгерлік) тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджеттен 92 590,3 мың теңге қаржы қаралды.

2018 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 58 маманға          9 764,3 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді (168 350 теңгеден). Оның ішінде білім саласынан        34 маман, денсаулық саласынан 20 маман, мәдениет және спорт саласынан 2 маман, ауыл шаруашылығы 2 маман.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» үшін 77 маманға тұрғын үй сатып алуға 273 150,0 мың теңге  бюджеттік кредит берілді.

 

Тілші: Ауданның білім саласында қандай жаңалықтар бар?

Жармағанбет Айтуаров: Жалпы, ауданда 21 мектеп, 1 кешкі жалпы білім беру орта мектебі, 1 балалар өнер мектебі қызмет етеді.

Білім сапасын көтеру үшін ауданның білім беру жүйесінің бюджеті жылдан жылға өсуде.

Биылғы білім саласына бөлінген қаржы 3 млрд 544 402 мың теңге. (оның ішінде мектепке дейінгі ұйымға – 651 338 мың теңге, жалпы білім беретін мектепке  — 2 893 064 мың теңге). Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша аудандағы 25 балабақшада (19 мем. 4 жекеменшік балабақша. 1 мем.шағын орт, 1 жекеменшік шағын орт) 2435 бала тәрбиеленіп отыр. Өткен жыл соңында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 85%-ды құраса, 2018 жыл аяғында 96%  мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 3-6 жас аралығында барлығы 100 бала кезекте тұр.

Ауданда жалпы білім беретін 22 мектеп орналасқан. Ондағы оқушы саны 7756.

2018 жылы аудан бойынша ҰБТ-ге 404  мектеп бітірушінің 386-ы, яғни   95,6 пайызы қатысып, тестілеуден өтті. ҰБТ-ның орта балы  89,4 болды. «Алтын белгі» белгісіне үміткер 26 мектеп бітірушінің 26-ы да өзінің үздік білімін қорғады. 16 оқушы үздік аттестат иегері атанды.

Жаңа типті оқыту мектептері мен сыныптары бойынша                            14 гимназия сыныбы, 52 тереңдетілген сыныптар бар.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жобалар конкурсына 9 оқушы қатысып, оның 7 жеңімпаз атанып, 3 оқушы республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.

Биыл аудандағы 5 мектепке (Шетпе гимназиясы, Б.Жұмалиев, А.Меңдалұлы, Е.Айшуақұлы, Қаратөбе) робототехника алынды. Қаратөбе орта мектебіне жергілікті бюджеттен   10,0 млн теңге бөлініп, мектепке жаңа автобус алынды. Аудандағы 7 мектепке (Б.Жұмалиев, Н.Жұбаев, Ә.Жангелдин, С.Жаңғабылов, Е.Айшуақұлы, Өтес, Шетпе гимназия) «Самұрық — Қазына» АҚ демеушілігімен спорттық тауарлар алынды. Үстіміздегі жылы аудан мектептеріне 21 интерактивтік тақта,  2 физика (Шетпе лицейі, С.Жаңғабылов), 2 химия (Н.Жұбаев, Жармыш) кабинеті  алынды.

Ауданда 7 орта мектеп жанынан жылыжайлар салынды.

Жергілікті  бюджеттен 32  млн 045 мың теңгеге Шетпе гимназиясы күрделі  жөндеуден, Қаратөбе орта мектебі 3 млн 880 мың теңге, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат 4 млн 500 мың теңге және 21 мектеп  22 млн 200 мың теңгеге ағымдық жөндеуден өтті.

Аудан орталығының Ащыбұлақ шағын ауданынан 600 орындық орта мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа оқу жылына ашу жоспарланып отыр.

С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаттың базасынан  «IT сынып» ашылды.

9 бала тұрғын үй кезегінде тұр. 6 бала тұрғын үймен қамтылған.

Жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарлы тынығу жұмыстары жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына аудан мектептерінен 25 оқушы Астана қаласына демеушілер көмегімен экскурсияға барып келді. Италия мемлекетіне «Эни С.п.А» Концерн «Аджип Каспиан Си Б.В» компаниясының демеушілігімен 5 оқушы саяхаттауға жолдама алды.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 100 бала жұмыспен қамтылды.

 

Тілші: Әлеуметтік саланың тағы бір діңгегі денсаулық саласының жайы қалай?

Жармағанбет Айтуаров: Аудан тұрғындарына 145 керуеттік орталық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 8 медициналық пункт, Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санатория медициналық қызмет көрсетеді.

Аудан  бойынша  79 дәрігер,  274 мейірбике бар. Жыл басынан бері екі дәрігер келді.

Жарты жылда күндізгі стационарда 1538 науқас ем алды,  54 науқас үйден ем алды.

Аудандық ауруханаға  2018 жылдың 6 айына «Д» есептегі науқастар үшін барлығы 37 000 000 млн. теңгеге дәрі — дәрмектер келді, 17.07.18 жылға 19 059 757 млн теңгенің дәрісі таратылды.  Дәрімен қамтылу 68 пайыз.

Тілші: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қадай жобалар қолға алынды?

Жармағанбет Айтуаров: Аудандағы мәдени-көпшілік шаралардың басым көпшілігі «Рухани жаңғыру« бағдарламасы, Астананың 20 жылдығы, Маңғыстау ауданының 90 жылдығы аясында өтуде.

6 айда 330 мәдени-көпшілік шара өтіп, 43686 көрермен қамтылды. Ақылы қызметтен  609,0 мың теңге қаржы түсті. Жоспарға сай жыл аяғына дейін 648 шара өткізу жоспарланып отыр.

2017 жылы 73 клубтық құрылым жұмыс жасап, оған 1258 өнерпаз қатысса, биыл Ақшымырау, Ұштаған ауылдарынан 4 үйірме ашылып, 1325 өнерпазы бар 77 клубтық құрылым жұмыс жасауда. 77 клубтық құрылым ішінде 326 өнерпазы бар 13 ұжым  «Халықтық» атағын алған.

Жармыш ауылынан 200 орындықты кітапханасымен бірге селолық мәдениет үйінің құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында жарияланып тұр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 айда барлық мәдениет үйлерінде «Туған өлке ғажайыптары»,  Маңғыстау ауданының 90 жылдығы аясындағы аудандағы халық театрларының театр кеші, драма ұжымдарының қойылымы, «Нәр берген ән бұлақтан» атты С. Нұрғожаевтың шығармаларына арналған ән байқауы,  С. Қондыбайдың шығармашылығына арналған «Санамызды жаңғыртқан Серікбол» атты тақырыптық кеш, кәсіби режиссер Н. Мұхамбетжанов атындағы театр мен драма ұжымдарының аудандық байқауы, «Туған жерді тербетеді текті жыр» атты жергілікті ұлы тұлғалармен кездесу кеші, «Туған жерге саяхат» тақырыбында «Отпан» тарихи-мәдени кешеніне Жыңғылды, Шайыр мәдениет үйлерінің саяхат ұйымдастыруы,  ауылдық мәдениет үйлерінің «Ата салтымыз-асыл мұрамыз» атты көшеаралық сайысы, «Ата сөзі-ақылдың көзі» атты ардагерлермен, ауыл ақсақалдарымен кездесу кеші, бағдарлама аясында «Елімнің жүрегі-Астана» атты аудан өнерпаздарының ән орындаушылар байқауы өтті.

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2017 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді.

Бағдарлама аясында өткізіліп жатқан іс-шаралармен қатар республикалық жоблалар реестрына ауданнан «Тәрбие жән білім» кіші бағдарламасы бойынша 3 шара «Ұлы тұлға ұлы есім» ауданның білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар туралы кітап шығару, «Тарих тұнған шежіре» аудан тарихы туралы кітап шығару, «Әбіш әлемі» аймақтық ақындар мүшайрасын өткізу енгізілген.  Сонымен қатар республикалық жобалар реестрына «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша «Білім қазына» базалық жобасы аясында 6, «Дене тәрбиесі» базалық жобасы бойынша 9, «Қоршаған орта» базалық жобасы бойынша 5, «Мәдени мұра» базалық жобасы бойынша 7, «Өзге жобалар» бойынша                       4 барлығы құны 1 млрд 691 млн 500 мың теңгеге  32 жоба енгізіліп, 2017 жылы 12 жоба 1 млрд 163 млн 500 мың теңгеге орындалды. Олар: С.Мұналбаевтың туған жері Шетпе ауылына тартуы заманауи «Азамат» спорт кешені, жүзу бассейні, меценат С.Мусабаевтың өзі оқыған Шайыр ауылы Т.Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебі үшін «Жылы жүрек жомарт қол» акциясы, Шетпе ауылынан ашылған  екі 50 орындық «Алдияр», «Нұрсая» жекеменшік балабақша, А.Меңдалыұлы атындағы орта мектептің спорт алаңы, сонымен қатар жергілікті ауыл түлектерінің тартуымен Шетпе ауылынан «Жастар саябағы» салынып, Өтес ауылы орталық көшелері жарықтандырылды. «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде қазақстың үш биінің ескертікші орнатылды.

Ауданда «Атамекен» жобасы аясында  халықтың   тұрмыс деңгейін көтеруге  бағытталған  жобалар қарқын алып келеді.

Қиыршық тас өндіретін кәсіпорындардың көмегімен ауылішілік жол сұлбасы салынды. Тобықты жер асты мешітіне тазалық, абаттандыру, жаңғырту жұмыстары жүргізілді.    Бердалы, Қоғам ата, Манас  ата  атаулары жазылған тақталары жаңғыртылды.    Шетпе ауылынан жеке кәсіпкер М,Қармысов мал сою алаңы және мал базарын, мал өнімдерін консервілеу цехын  ашты.

Бағдарлама аясында мектеп түлектерінің бастамасымен ауылдарға, оқыған мектептеріне     көмек жасау шарасы   қарқынды жүрді. Соның нәтижесінде  Ұштаған  ауылынының   орталық саябағына балалар үшін жүзу бассейіні,  субұрқақ салынып, жарықтандыру, жүзден аса жас ағаштар  егіліп, брусчатка төселіп  жаңғыртылды.   Мектеп  бітірушілер  саябағы  салынды. Мектеп музейі ашылды.   Ұштаған,  Өтес ауылдарында  автобус аялдамалары салынды.   Өтес мектебінде  жанынан    жылыжай  салынды.    5 мектепке брусчатка, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. 2018 жылы да  аталған жобалар жалғасын тауып Онды орта мектеп түлектері мектеп жанынан жылыжай, Қызан ауылы азаматтарының бастамасымен құны 110 млн теңге жаңа спорт ғимараты салынып пайдалануға берілді. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Жыңғылды ауылынан ауыл азаматы, жеке кәсіпкер Т.Ерманов 2 пәтерлік 2 тұрғын үй салып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 4 отбасыға табыстады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ағымдағы жылы аудан бойынша Өтесте Сисем Ата қорымында, Ақшымырауда Есен Ерменбет ата қауымына түнемелік үй, республикалық маңызы бар Шетпе-Жетібай автожолы бойында орналасқан Есен ата қорымына, Ұштаған ауылында Ақтөбе қауымында түнемелік үй салу, Шетпе, Жыңғылды ауылдарынан ашық спорт алаңын салу, Шетпеден                    16 пәтерлік 2 қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу, Шетпе ауылы Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп жанынан, Жаңа орпа шағын ауданынан және Өтес ауылынан балалар ойын алаңын салу, Жармыш ауылынан спорт кешенін салу жұмыстары басталып жатыр.

Спорт саласы бойынша

Ауданда балалар мен жасөспірімдер мектебі, 1 күрес, 2 бокс залдары, 1 жүзу бассейні, 1 орталық стадион, Тұщықұдық, Шебір, Шайыр, Ақшымырау, Қызан, Өтес, Жыңғылды ауылдарында спорт залдар және әр елді мекендерде спорт алаңдары халық игілігінде.

2014-2017 жылдар аралығында демеушілердің көмегімен Тұщықұдық, Шебір, Шайыр, Ақшымырау, Шетпе ауылдарынан  спорт кешендері құрылысы салынып, пайдалануға берілді, оның ішінде 2017 жылы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Ескі Шетпеден жеке кәсіпкер С.Мұңалбаевтың демеушілік көмегімен салынған «Азамат» спорттық кешені  мен жүзу бассейні және «Самұрық Қазына әл-ауқат қоры» АҚ демеушілігімен Шетпе ауылындағы А.Меңдалыұлы атындағы орта мектеп жанынан салынған ашық спорт алаңы, стрит-воркаут, балалар ойын алаңдары бар.

Үстіміздегі жылы Қызан ауылынан ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің және өндірістік мекемелердің көмегімен спорт кешені салынып, пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда 8 спорт кешендері жұмыс жасап тұр.

Шетпе ауылында төрт, Ақшымырау ауылында бір, Жармыш ауылында бір, Шебір ауылында бір, Жыңғылды ауылында екі, Тұщықұдық ауылында бір, Онды ауылында бір, Ұштаған ауылында бір, Тұщыбек ауылында бір, барлығы 13 ашық спорт алаңдары бар.

Биыл тағы да жеке кәсіпкер С.Мұңалбаевтың демеушілігімен Ескі Шетпеден ашық спорт ойын алаңы салынып, шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілсе, «Самұрық Қазына әл-ауқат қоры» АҚ-ның демеушілігімен Жыңғылды ауылынан, Шетпе ауылындағы Б. Жұмалиев атындағы орта мектебі жанынан, Қосбұлақ және Жаңаорпа шағын аудандарынан салынатын балалар ойын алаңдары жоспарда тұр.

Жалпы «Самұрық Қазына әл-ауқат қоры» АҚ-ның демеушілігі арқылы барлық ауылдарға кезең — кезеңмен спорттық алаңдар салу жоспарланып отыр.

Спортшыларымыз Әлем, Азия, Европа Чемпионаттары мен Кубоктарына, алыс-жақын шетелдердегі ірі халықаралық турнирлерге қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.

Жыл басынан бері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға, ҚР Чемпионаттарының біріншіліктерінде және оқу-жаттығу жиындарына барлығы                    747 спортшы қатыстырылды.

Тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалу жайы

Аудандағы тарихи мәдени ескерткіштердің қорғалуы, сақталуы ұдайы бақылануда. Тарихи мәдени ескерткіштерге жыл сайын ауыл тұрғындары, қауым ұрпақтары, студент, оқушылар, мекеме қызметкерлері сенбілік, тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады.

2018 жылы Шайыр ауылы аумағындағы Құлбарақ ата қауымына ұрпақтарының демеушілігімен ата басына баратын кіреберіске ені 3 метр, ұзындығы 25 метр болатын арка,              100 метр таспен өрілген жаяу жүргіншілерге жол салынса, Сайөтес ауылы аумағындағы Толыбай, Жұлдызбай қорымдарына демеушілер күшімен қоршау жасалды. Сисем Ата қауымының түнеуханасы кеңейтіліп, зиярат етушілерге жағдай жасалып қойылса, Бекі елді мекеніндегі Есен Ата қауымы түнеуханасының төбесі қайтадан жаңартылды. Тұщықұдық ауылындағы  Өмір қауымына  «ОСК» мекемесі қауымның құлаған қоршауын ретке келтіріп, сілтеу, қорғау тақтайшаларын жаңартып сырлап, қауым басына тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

Тілші: Жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?

Жармағанбет Айтуаров:  Жыл соңына дейін аудан бойынша 2275 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.  Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне шағын кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік нысандарды ашу арқылы  908 жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда  74 жұмыс орнына көп. Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері  1560 адам жүгінді (2017 жылы осы кезеңде 765 адам), оның ішінде  5/50 бағдарламасымен жұмыстан босаған 326 адам бар. Жүгінушілердің 1498-і жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.                                                                                  Тіркелгендердің   528-і тұрақты жұмысқа (2017 жылы осы кезеңде 214 адам), 122-і әлеуметтік жұмысқа, 159-ы қоғамдық жұмысқа  және 104-і жастар практикасына орналасты, 7-уі  қысқа мерзімді курстарда оқытылды.  Бұдан басқа әртүрлі мамандықтар бойынша оқуға ниет білдірген 55 адамның тізімі жасақталып, әңгімелесуден өтуге облыстағы Жаңа Серпін орталығына жіберілді.

«Бизнес-Бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқуға ниет білдірген 86 адам тестілеуден өтіп, оның оның 66-ы оқуды бітіріп, сертификаттарын алды және  20 адам оқудан шығарылды.  Биылғы оқығандардың ішінен 3 адамға 11 млн.теңге, 2017 жылы оқытылғандардан 12 адамға 39 млн. теңге, барлығы 15 адамға  50 млн. теңге көлемінде микрокредит  берілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 463 адам жұмыссыздықта тіркеуде тұр, оның ішінде 191-і 5/50 бағдарламасымен жұмыстан босағандар бар және жұмыссыздықтың деңгейі 2,3 %-ды құрады (2017 жылдың 1 жартыжылдығында  жұмыссыздық деңгейі 0,8%). Жұмыссыздық деңгейінің өсуі 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарылғандар және еңбек шартына отырған  (жалақылары төленіп, 10% зейнетақы жарналары аударылып тұр)  уақытша әлеуметтік, жастар және қоғамдық жұмыстарға жіберілген адамдардың жұмыссыздар қатарында болуынан көтеріліп  отыр.

2018 жылы жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Жарты жылдықта кедейлік деңгейінен төмен тұратын отбасы құрамында 380 адамы бар 66 отбасына 11 600 000 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Жоғарғы оқу орындарында оқитын Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес отбасының кірістері есептелмей оқуға түскен 4 студент (білім саласында -2, мәдениетте -1, агрода -1), сондай-ақ 2018 жылы оқу бітірген 20 студент (білім саласында -11, денсаулық сақтау саласында -8, дефектологта -1) 2012-2017 жылдары отбасының кірістері есептеліп оқуға түскен 85 студентті (білім саласында -45, денсаулық сақтау саласында -13, спортта -16, дефектологта – 4, мәдениетте -2, агрода -5) қоса есептегенде, барлығы 109 студентке 68 974 000 теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін  тағайындау бойынша отбасы құрамында 77 адамы бар 19 отбасынан өтініш келіп түсті. 19  отбасына   383 000  теңге  тұрғын үй көмегі  төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша  көмекке мұқтаж 94 адамға 5 731 115 теңге біржолғы көмектері тағайындалды. Одан онкология ауруымен ауыратын 60 адамға  62 530 теңгеден 3 751 800 теңге, өкпе ауруымен ауыратын  26 адамға  62 530 теңгеден 1 625 780 теңге,  табиғи апат салдарынан қиындық көрген 1 отбасыға  72 150  теңге, қиын өмірлік жағдайға  тап болған  7 адамға  281 385 теңге  төленді.

     Атаулы мерекелерде біржолғы әлеуметтік  көмек көрсету бойынша 1919 Алтын және Күміс алқалы аналарға 4810 теңгеден 6 512 700 теңге,    барлық санаттағы 1919 мүгедектерге 12025 теңгеден 23 096 900 теңге әлеуметтік көмек төленді. 1 мамыр мерекесіне орай 1950 мүгедекке 12025 теңгеден 23 447 000 теңге әлеуметтік көмек төленді. 9 мамырдағы есеп бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген адамдарға (Ауған соғысына қатысушылар, Бейбіт кезде әскери қызметін атқару кезеңінде қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, ҰОС жесірлеріне, ҰОС кезінде тылда еңбек еткен адамдарға СА кезінде мүгедек болғандарға) барлығы 213 адамға 20 659 000 теңге әлеуметтік көмектер төленді. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай 277 мүгедек балаларға 12025 теңгеден 3 330 900 теңге төленді.        Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес  көрсетілген қызметтер бойынша үйде оқитын  23 баланың ата-анасынан өтініш түсіп, 23 балаға  1 563 300 теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.  Қозғалуға қиындығы бар  1-ші топтағы 21 мүгедектен жеке көмекші тағайындау жөнінде өтініш түсіп, оның 21-і де қанағаттандырылды. 125 мүгедек   гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.  Санаторияға баруға    150 мүгедектен өтініш түсіп, оның 77-і  Көкшетаудағы «Алмаз» санаториясына және 8 бала Ақтау қаласындағы Оңалту орталығына барып демалып, оңалып қайтты.          Аудан кәсіпкерлері мен мемлекеттік мекемелер арқылы  28 мүжәлсіз отбасына 1 052 000 теңге  көлемінде қаржылай және күнделікті тұтынатын қажетті азық-түліктермен қамту бойынша қайырымдылық шаралары өткізілді.

 

Тілші: Жармағанбет Қайырмағанбетұлы, ауданның тыныс-тіршілігін айтып, ой бөліскеніңізге рақмет. Қызметіңізге табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан — Айман Нұрмағанбет