АУҒАН АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР
Он жылғы созылған Ауған соғысы Жамбыл өңіріне де зардабын тигізбей қойған жоқ. Жүздеген жерлестеріміз, сол тұстағы балаң жігіттер жауынгерлік, азаматтық борышына адалдық танытып, ауған даласында қайсарлық пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті.
Бүгін аудандық орталық кітапханада Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 34 толуына орай, «Ауған асуында от кешкендер» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Аталған кешке Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Орымбаев, Сарысу ауданының Құрметі азаматы Ж.Шадиев, аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Сыздықбаев, ауған соғысының ардагерлері А. Чужбеков, Ж. Жақыпбеков, М. Иманбеков, Ф. Салимянов және кітапхана оқырмандары мен жастар қатысты. Кездесу барысында ауған соғысының ардагерлері сол бір отты жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Аудан ардагерлері Ж. Орымбаев, Ж. Шадиев осындай кездесулердің өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде маңызының зор екенін айтып, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тіледі. Кеш барысында патриоттық тақырыпта әндер орындалып, өлеңдер оқылды. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А. Жолмаханова жиынды қорытындылап, кеш қонақтарына сый-сыяпаттар табыс етті.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі