АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ДОЙБЫ МЕН ШАХМАТТАН АУДАНДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Аудандық шахмат және дойбы жарысы – ардагерлердің басын қосып, оларды белсенді өмірге баулитын маңызды шара. Қатысушылар да жарыстан үлкен әсер алып, өзара жылы лебіздерін білдірді. Осындай игі бастамалар ардагерлерімізді қолдауға әрі құрметтеуге арналған маңызды қадам болып табылады.
Ойдың жүйріктігін анықтайтын сайыста қатысушылар өзара бақ сынасып, үздік атануға бар күштерін салды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен медальдар тапсырылды.