Аула командалары арасында стритболдан сайыстар өтеді
Астананың 20 жылдығына арналған «Atyrau Open» қалалық турнирі бір аптаға созылады.
23-28 маусым аралығында Атырауда стритболдан 2002-2007 жылы туылған аула жасөспірімдері арасында қалалық турнир өтуде.
— Балалар үшін бос уақыттын, жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, осы спорт түрін дамытуға серпін беру мақсатында жарыстар мақсатты түрде ұйымдастырылады. Қалалық турнирге 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыстырылуда, — дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.
Бірінші кезең 23 маусым күні АМГУ ауласында, екінші кезең 25 маусымда 17 орта мектепте, үшінші кезең 26 маусым күні 16 орта мектепте өтуде . Жарыстың соңғы кезеңі 28 маусым күні Мұнайшы спорт кешенінде өткізіледі.
Төрт кезеңнен іріктеліп шыққан қатысушылар 1-ші шілде күні «Байзар» сауда орталығының алдында сынға түседі. Ал, ең үздіктері 6 шілде күні «Бейбарыс» алаңында финалдық бәсекеде жеңімпазды анықтайтын болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болады.
Ауқымды жобаны Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен бұқаралық спортты дамыту орталығы ұйымдастырды.
Айта кету керек, бұдан бұрын қаламызда Street WorkOut сайыстары өткізіліп, жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған болатын.
Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі