Ауласын ластағандар түбіртек арқылы табылды

Жаз мезгілі басталысымен қалада құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан тұрғындардың жөнсіз әрекеті азаймай отыр. Осыған орай қала әкімінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері шаһар көлемінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Айталық, ағымдағы жылдың шілде айының 1 мен 27-сі аралығында 44 кемшілік анықталып, 43 тұрғынға ескерту берілсе, 1 тұрғынға айыппұл салынған. Айыппұл сомасы 69 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, 1 мамыр мен 27 шілде аралығында жалпы 608 кемшілік анықталып, оның ішінде 583 тұрғынға ескерту жасалса, 25 тұрғын айыппұл арқалады. Мұндағы айыппұлдың жалпы сомасы – 496 300 теңге. Алайда соған қарамастан күл-қоқысты тиісті орынға апармай, шашып кететін қала тұрғындары әлі де азаяр емес.
Мәселен, жуырда Қ.Сәтбаев көшесі, №5 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің кейбір иелері қоқысты арнайы орынға төкпей, жол-жөнекей лақтырып кеткен. Бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанғандықтан, инспекторлар шара қолдануға мәжбүр болған. Үнемі тазалықты көпе-көрінеу бұзып, тұрмыстық қалдықтарды тастап кететін тұрғындар қоқыс салынған пакеттің ішіндегі түбіртек арқылы анықталды. Осылайша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-тармағына сәйкес, сол үйде тұратын 3 пәтер иесі мен Қ.Сәтбаев көшесі, №1 көпқабатты үйде тұратын 4 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Нарушители чистоты оштрафованы
Как известно, с наступлением лета повсеместно активизируются строительно-ремонтные работы. И как результат, в неположенных местах появляются кучи строительного мусора. Главные инспекторы территориальных округов города совместно с участковыми инспекторами полиции проводят разъяснительную работу среди населения и юридических лиц, выявляют и наказывают нарушителей порядка.
Так, с 1 по 27 июля текущего года ими выявлено 44 нарушения. При этом 43 жителя города предупреждены, а один – оштрафован. Сумма штрафа составляет 69 тысяч тенге.
А в период с 1 мая по 27 июля установлено 608 нарушений, связанных с соблюдением экологических и санитарных норм. 58 граждан получили официальные предупреждения, а 25 нарушителей – оштрафованы. Общая сумма выписанных штрафов составила 496 300 тенге. Однако, несмотря на принимаемые меры, количество нарушений санитарных норм не сокращается.
К примеру, некоторые жильцы многоквартирного дома №5 по улице Сатпаева не доносили пакеты с мусором до площадок, где установлены контейнеры, а оставляют их в различных местах. Поскольку подобные случаи повторялись неоднократно, инспекторы вынуждены были принять действенные меры. Нарушители были установлены по корешкам квитанций за коммунальные услуги, которые были обнаружены в мусорных пакетах. Тем самым в соответствии со статьей 434-2 (подпункт1) Кодекса об административных правонарушениях на трех жителей этого дома, а также на одного жильца дома №1 по улице Сатпаева наложен штраф.
Уважаемые жители города!
Заботливо относитесь к своему жилью и прилегающей территории, соблюдайте чистоту и порядок!

Тараз қаласының әкімдігі