«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасады
Тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға екі миллиард теңге бөлініп, оның жартысы жергілікті бюджеттен қаралса, тағы бір миллиарды «Отбасы банкі» тарапынан бөлінген. Нәтижесінде биыл 135 жасты баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қазіргі таңда тараптар арасында келісім жасау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, былтырғы жылы 144 жас аталған бағдарлама аясында баспаналы болған еді.
Бүгінгі күні облыста 14 пен 35 жас аралығында 354 мыңнан астам жас тұрады. Бүл облыс тұрғындарының 29,0 пайызын құрайды.
Өңірде аталған бағдарлама арқылы көптеген жастың арманы орындалып, баспана мәселесі шешімін тауып келеді.