ӘУЛИЕАТАЛЫҚ ҚҰРАМА ВОЛЕЙБОЛДАН VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылған волейболдан Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Чемпиондық атақты ерлер арасында Жамбыл, СҚО, Жетысу, Атырау, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының құрамалары сарапқа салған болатын.
Тартысқа толы бәсекеде ақтық ойынға Жамбыл облысы мен Павлодарлық құрам жолдама алған-ды.
Нәтижесінде жарыс қожайындары тараздық волейболшылар Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы атанды.
Екінші орын сәйкесінше Павлодар облысының еншісінде, ал үздік үштікті Түркістандық команда түйіндеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы