АУШАДИЯР дегеніміз не?
АУШАДИЯР-үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Аушадияр деп аталатын бұл жырдың үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Өкінішке орай қазір Қазақстанда аушадияр айтылмайды. Бұл да біздің халықтың ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтап бара жатқанымыздың белгісі.
Мәселен, Аушадияр жыр, өлеңіміз қарапайым, тұрмыстық сөздерге құралғандықтан, ол тез жатталады:⤵️
Аушадияр бір болар,
Жаманның көңілі кір болар.
Ата-анасын сыйлаған,
Ақ шалмалы би болар.
Аушадияр екі дер,
Ержеткеннің еркі дер,
Омырауы толған он түйме,
Қыз баланың көркі дер.
Аушадияр төрт болар,
Қыздың қойны өрт болар.
Екі жақсы қосылса,
Өле өлгенше серт болар.
Материалды әзірлеген:
Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының қызметкері
Бүркітбаева ГҮЛГАУҺАР.