Ауыл абыройын асқақтатар жиын өтпек
Жыл сайын Халықаралық «Қазақстан ZAMAN» қоғамдық-саяси газетінің бастамасымен «Нұр Отан» ХДП және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ЕлАна» сайты мен Қазақ радиосы бірлескен «Ауыл» экспедициясы күз айларында республиканы аралайды. Дәстүрден жаңылмай, былтыр да бұл шара жалғасын тауып, экспедиция ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала ауылы – ұлт қазынасы» деген атпен сапарға шыққан болатын.
Алтай мен Атыраудың арасында өткен экспедиция барысында еліміздің 25 жылдағы жетістіктері пысықталып, әлі де шешілуі тиіс мәселелер де қаралды. Осыған орай, дәстүрлі шараның әрі жыл қорытындысын талқылау мақсатымен дөңгелек үстел өтеді. Жиынға «Нұр Отан» ХДП мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, көрнекті зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады. Дөңгелек үстелдің мақсаты: елдімекендердің бүгінгі жағдайы, халықтың тұрмыс-тіршілігі және ауыл тұрғындарының өзге де көкейтесті проблемаларын талқылау.
Дөңгелек үстелдің өтетін орны: Мәңгілік ел көшесі, 8. «Журналистер үйі»
Уақыты: 19 қаңтар, сағат 15-00
Қосымша байланыс үшін: 8 702 314 81 43 (Нағашыбай Қабылбек)