«АУЫЛ АМАНАТЫ»: 4,2 млрд.теңге несие берілді

Жеке кәсіпкермен өткен жылы Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй, ел игілігіне берілді. Аталған жобаның бір ерекшелігі — тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады.
Одан бөлек, өткен жылы, тұрғын үй сатып алу бюджеттік бағдарламасы аясында кезекте тұрған 60 азамат баспаналы болса, биыл 100 азаматқа баспана кілтін табыстау жоспарда.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков хабарлады.