«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСАТЫН БОЛАДЫ

Ағымдағы жылы облысымызда «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 13,5 млрд. теңге қаржы қарастыру жоспарланып отыр.
Бұл жолы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5% несиелендіру жұмыстары тек жаңадан кәсіп ашуға ниетті азаматтарға ғана берілетін болады.
Жобаның жаңа ережелерін түсіндіру үшін ауданға арнайы «Тараз» ӘКК-нен Сералиев Батыржан Нұржақыпұлы келіп, жоба аясында несие алуға ниет білдірген азаматтармен кездесу өткізді.
Кездесу жиынды аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов ашып, жүргізді.
Жиын барысында азаматтар жалпы несиелендіру жөніндегі сұрақтарға жауап алды.
Бүгінде, аудан бойынша жалпы құны 680,0 млн. теңгені құрайтын 90 жобаны қаржыландыруға ұсынылуда. Оның ішінде, 208,3 млн. теңгеге 25 жоба ауыл шаруашылығы саласына, 471,4 млн. теңгеге 62 жоба кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласына байланысты іске асырылуы тиіс.