«Ауыл аманаты» жобасының Жайылмада іске асырылуы бақылауда
Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Сақыпбековтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындарға беріліп жатқан несиенің мақсаты, 5-бағыт бойынша жұмыстарды жүйелеу бойынша Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен жиын өтті.
Жиын барысында, жобаны іске асыру алгоритмдері, жобаның түпкілікті мақсаты арқылы ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту, жұмыссыздық деңгейін азайту, табысы жоқ отбасыларды кәсіпке тарту шарттары, алынып жатқан несиені мақсатты пайдалана отырып, әр отбасының өзіндік табысын арттыру жұмыстарын шаралары бақылауға алынды.
5 бағыт бойынша атқарылған жұмыстар мен жобаны ауылда тиімді жүргізу туралы кеңес тұрақты өткізіліп тұратын болады.
Сарысу ауданы әкімдігі