«Ауыл-ел бесігі» жобасына биыл 143 миллиард теңге бөлінді
2023 жылы мемелекет меншігіне 5 миллион гектар жер қайтарылмақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.
«Ауылды дамытудың алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту бағытында да кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2022 жылы ауыл шаруашылығы саласы жоғары өсу қарқынын көрсетті, жалпы өнім көлемі 9 процентке өсті. Кейінгі 10 жылда біз астық дақылынан ең жоғары өнім алдық», — деді Р. Скляр Сенаттағы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда.
Жамбыл- Тараз Қоғамдық Газеті