АУЫЛ КӨШЕСІ АСФАЛЬТТАЛДЫ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Жалпақтөбе ауылында өткен кездесуде ауыл тұрғындары орталықтағы Нұрлы жол көшесін асфальттау қажеттігін айтқан болатын. Аудан басшысы бұл жұмыстарды назарға алатынын айтып, жыл соңына дейін жөнделетінін айтқан.
«Сөзден–іске» келер болсақ, бүгінде аталған көшеге толығымен асфальт төсемі төселді.
Ауыл әкімі Ержан Данаевтің айтуынша, ұзындығы 3460 метрді құрайтын көше толықтай асфальттанған.
Аудан әкімімен өткен кездесуде осы мәселені ауыл азаматы Бағдат Тәжібаев көтерген болатын