АУЫЛ КҮНІ АТАЛАП ӨТТІ!
Ауыл – исі қазақтың қарашаңырағы, түп-тамыры. Береке мен бірліктің нышанына баланатын елді мекендегі еңселі істер ескеріліп, туған жерге тағзым ету үшін төл перзенттердің бас қосқаны қандай көрікті көрініс.
Осы мақсатта игіліктің тұрағына айналған Қарқаралы ауданы, Татан ауылында өңірден түлеп ұшқан жастардың бастамасымен «Ауылым – алтын бесігім» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Былтырғы жылы қасиетті Татан ауылында кәсіпкер, меценат Айдос Жазитұлының қолдауымен Алланың үйі мешіт бой көтеріп, үлкен рухани сілкініс болып, ауылда туып, қазіргі уақытта сыртта қызмет жасап жүрген азаматтар бірігіп, ауыл күнің атап өтіп және әр жылдың шілде айының ортасында ауыл күнің атап өтуді жоспарлаған.
Биылда дәстүрден жаңылмай қаладағы және ауылдағы жастар бірігіп, арнайы қорға қаражат аударып, ауыл күнің атап өтті.
Ауыл тойы алдында «Қайырымдылық қорынан» 300000 тг шамасында қаражат бөлініп, ауыл маңындағы қалған қоқыстар тазартылды.
Ауыл күнің басты мақсаты: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дегендей осы қағиданы ұстанған әр адам атамекен – алтын бесігін естен шығармай, оған өзін мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні ақиқат.
Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ауыл күніне орай іс-шара спорттық сайыстар: «Қазақ күресі», «Жаяу жарыс» және «Арқан тартыс» ұлттық ойындары өтті.
Түс ауа жекелеген азаматтар атынан жүлде мен бағалы сыйлықтар тігілген «Аламан» «Құнан» «Тай» бәйгесін тамашалады. Барлық сайыстарға ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осылайша кешкілік ауыл өнерпаздары тұрғындарға гала концерт ұйымдастырды.
Сыртта жүрген азаматтар ауыл күніне сағынышпен келіп, қимастықпен тарқасты.
Шарада сөз алған ауыл әкімі Рахымбеков Жасұлан Жақыбайұлы қуанышты сәтпен құттықтап, оның өткізілуіне атсалысқан азаматтарға тұрғындар атынан ризашылығын білдірді.
Осындай игі шараға қолдау көрсетіп басы қасында болған Ауыл азаматтарына Алғыс білдіреміз.
Қарағанды облысы
Қаарқаралы ауданы
Татан ауылы