АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ДАҢҚТЫ ЖЕРЛЕСІН ҮЛГІ ТҰТАДЫ

Шерхан Мұртазаның әдеби мұрасы әсіресе соңғы жылдары ерекше қарқында мектеп ұстаздары мен оқушыларының зерттеу объектісіне айналғаны көңілді қуантады. Себебі жазушының мұрасы үлкен тәрбие құралы деп білеміз
Бүгінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Талапты ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектебінің оқушылары Шерағаңның үйіне жиі келеді. Жәй ғана келіп қоймай, шығармаларына шолу жасап, онымен тереңірек танысады. Басты мақсат – ауылдың әрбір тұрғынын Шераға мұраларымен жетік таныстыру.
Кезекті таныстырылым – мектептің 10-сынып оқушыларына өткізілді. Келген қонақтарға Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалды үйін, оның мұраларын мекеменің қызметкері Гүлсім Шоңғарова таныстырды.
Әдеби талдау сағаты Шераға үйінің бауында доп ойнаумен, табиғат аясында ас ішумен жалғасты.

Жазбаны дайындаған – Назым Қожамарова