Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қаладағы ұстаздардан көп болып шықты

Қазақстанда 400 мыңға жуық педагог қызмет етеді. Соңғы бес жылда олардың жалақысы айтарлықтай көбейген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Педагогтердің жалақысы қалай артты?

2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 100%-ға көбейді. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мамандарға 30-35% үстемеақы қосылды.

Мұғалімдерге қандай үстемеақылар қарастырылған?

«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес, жалақыға қосымша үстемеақылар төленеді:

Педагог-шебер – 50%

Педагог-зерттеуші – 40%

Педагог-сарапшы – 35%

Педагог-модератор – 30%

Сонымен қатар, мұғалімдерге академиялық дәрежесі, тәлімгерлік етуі, спорттық сабақтар өткізуі үшін қосымша төлемдер беріледі.

Ауылдық жерлердегі мұғалімдерге қалалық әріптестеріне қарағанда 25%-ға жоғары жалақы төленеді.

2024 жылы 1 мөлшерлеме (16 сағат) бойынша орташа жалақы:

Қала мұғалімдері – 352 мың теңге

Ауыл мұғалімдері – 435 мың теңге

Егер мұғалім 1,5 мөлшерлеме (24 сағат) жұмыс істесе, орташа жалақысы 581 мың теңгеге дейін жетеді.

Мұғалімдерге ақшалай сыйақылар беріле ме?

Қазақстан – білім саласындағы жетістіктер үшін ақшалай марапат беретін санаулы елдердің бірі.

2023 жылы 89 мұғалім мемлекеттік сыйақы (3,6 млн теңге – 1000 АЕК) алды.

Марапатталғандар қатарында Еңбек ерлері, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары бар.

Фото: kapital.kz

https://buginmedia.kz/1439/auyl-m-alimderini-zhala-ysy-alada-y-stazdardan-k-p-bolyp-shy-ty?fbclid=IwY2xjawI0T1dleHRuA2FlbQIxMQABHfr92HzTL_GVd4QtzfWEjnTfJ6EIQ5KVmnjEj5ZJy6vKZ979mMjPoLb9tA_aem_mYam93so1Tox-kXeNM1ATg