Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Бүгін Меркі ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті.
Жәрмеңкеге елді мекендерден шаруалар өздері өндірген түрлі ауыл шаруашылығы тауарларын әкеліп, базардағыдан 15-20 пайызға дейін арзандатылған бағамен саудалады.
Атап айтсақ, айран, құрт, қымыз, шұбат сынды сүт өнімдері, оның ішінде Меркінің брендіне айналған ірімшік, құс өнімдері, қой мен ірі қара малдың еті, дәнді дақылдар және талқан, жент, бал сияқты өнімдер тұтынушыларға ұсынылды.
Сонымен қатар, алма, өрік, банан жемістері мен картоп, пияз, сәбіз, қызанақ, қырыққабат, бұрыш, баялды, құлпынай, т.б. көкөністер де жәрмеңке алаңынан табылды.
Осы орайда, ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған пилоттық жобамен несие алып, үй алдындағы қосалқы шаруашылығын дамытқан Сұрат ауылының тұрғындары жылыжайда өсірілген құлпынай, қызанақ, қияр бақша өнімдерін жәрмеңкеге шығарса, М.Әуезов атындағы мектеп лицейінің оқушылары мектеп іргесіндегі жылыжайда өнідірлген бақша өнімдерін жәрмеңкеге шығарып саудалады.
Алдағы уақытта осындай жәрмеңке әр сенбі күні тұрақты түрде өткізілетін болады.