АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
Өткен жылы ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 41,5 млрд теңгені құрап, жоспар 4,2 млрд теңгеге артығымен орындалды. Соның ішінде егін шаруашылығынан 27,5 млрд теңге, мал шаруашылығынан 14 млрд теңге түсті.
Аудан аумағында қысы-жазы көкөніс өсіретін жылыжайлар көптеп бой көтеруде. Мәселен, 7 елді мекендегі 77 жылыжай 3,3 гектарға қызанақ, 13,1 гектарға қияр, 0,5 гектарға түрлі көкөніс екті. Бірінші және екінші айналымда 400 тонна қызанақ, 1487 тонна қияр, 49,6 тонна түрлі көкөніс жиналды.
Ауданда ағын су мәселесі де оң шешімін тауып келеді. «ПУИИД-2» (3,6 млрд теңге) және «Европалық даму банкі» (7,4 млрд теңге) арқылы 553 шақырымды құрайтын, 69 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Каналдар толығымен қалпына келтірілсе, 14556 гектар алқапқа су жететін болады. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Қаракемер, Ащыбұлақ, Бесағаш елді мекендеріндегі 7 канал (34,5 млн), аудандық бюджет есебінен Қызылқайнар ауылындағы Иманқұл каналы (5,9 млн) механикалық тазаланды.
2021 жылы егістік жерлерді суландыру мақсатында облыстық бюджеттен 3 елді мекенге (Шайқорық станциясы, Қоңыртөбе және Ащыбұлақ ауылдары) жақын орналасқан 4 дренаж каналды тазартуға 26,9 млн теңге, аудандық бюджеттен Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Сұлтан каналын механикалық тазалауға және Аса өзенінің арнасын бөгуге 10,7 млн теңге бөлінді.
Ғарыштық түсіріліммен игерусіз жатқан 3327 гектар жер қорына алынып, 9696 гектар конкурс арқылы қайта айналымға қосылды.
Есепті кезеңде 432,2 млн теңгеге 97 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Пилоттық жоба аясында Бесағаш ауылдық округіне 5 бағыт бойынша 280 құжатқа 1,0 млрд теңге бөлініп, толығымен игерілді.
1117 ауланың 155 гектар жеріне 13,3 млн теңгеге тұқым және минералды тыңайтқыштар алуға несие беріліп, толығымен игерілді. Жалпы түсім 2655 тоннаны құрап, 900 тонна қызанақ, 30 тонна сарымсақ, 396 тонна картоп, 1200 тонна пияз, 129 тонна жүгері жиналды. 2 жылыжай құрылысын салуға 16,8 млн теңге бөлінді.
276 аула 4760 бас мал, құс алып, (сауынды сиыр – 268, бұқашық – 360, қой – 1443, жылқы – 1289, күркетауық – 1400), 860 млн игерілді.
Жалпы 202 тонна ет, 233 тонна сүт өндірілді.
Ауыл сыртындағы 1335 гектар жерге 38,8 млн теңгеге (117 шаруашылық) мал азығын дайындау үшін тұқым және минералды тыңайтқыш алынды. Жалпы 560,27 тонна арпа, 170 тонна бидай, 1380 тонна жүгері, 4199 тонна көпжылдық шөп жиналды.
«Іске сәт» ауыл шаруашылығы 100,1 млн теңгеге 22 техника сатып алды.
1,8 млн теңгеге 1 кондитерлік цехы ұсынылып, іске асырылды. Бүгінде 1 тонна кондитерлік өнім өндірілді.
Өңірде мал басының өсу динамикасы байқалуда. (Ірі қара 1,5 мың басқа (39,3 мың), қой-ешкі 3,4 мың басқа (232,3 мың), жылқы 1,2 мың басқа (17,9 мың ), үй құстары 29,9 мың басқа (428,3 мың) артты.
Өңірде 8,1 мың тонна ет өндіріліп, жоспар 10,9 тоннаға артса, сүт өндіру 39,9 мың тоннаға жетті. Өндірілген жұмыртқа 2155,5 мың данаға артып, 62,7 млн теңгені құрады. Қазір 6370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңы, 13 тауарлы сүт фермасы жұмыс істеуде.
34,1 млн теңгеге Жасөркен ауылынан контрабандалық малды уақытша ұстайтын арнайы орын салынды.
Жамбыд ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі