🔰АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Аудан орталығында ауылдық округтердің тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде түрлі өнімдер нарықтағы бағадан төмен саудаланды.
Жәрмеңке аудан орталығындағы «Жеңіс» алаңында жоспарланған, алайда тауар өндірушілермен, келушілерге ыңғайлы болу мақсатында орталық базарға ауыстырылған болатын
Қаратау қаласы мен ауылдық округтің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, кооперативтер мен жеке кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелген.
Жәрмеңкеде ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой еті), тауық еті, шұжық өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері бар.