АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ-БАРШАҒА ОРТАҚ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» бірыңғай ұлттық экологиялық акциясын өткізуді ұсынған болатын.
Халықта «Тазалық – денсаулық кепілі» деп бекер айтылмаса керек. Өйткені адамның денсаулығы, қоғамның таза болуы тазалыққа келіп тіреледі.
Бағалы бастама «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Мойынқұм ауданында жалғасты.
Акция барысында аудан орталығының орталық көшелері мен ауылдың маңын қоқыстардан тазартуға, көгалдандыруға және жалпы аумақты абаттандыруға бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылды.
Біз қоршаған ортаны таза ұстауға ерекше назар аударамыз.
Тазалық пен тәртіпте өмір сүру ауыл тұрғындары үшін күнделікті дағдыға айналуы тиіс.
Осындай экологиялық акциялар ауданымызда тұрақты түрде жүргізіледі.
Ауылдың ажарын ашатын іс-шаралар атқарылып келеді.
Дегенмен де, ауылдың кейбір көшелерінде қоқыс пен үйінділерден көз ашпайтынымыз рас.
«Ауылына қарап азаматын таны!» деген емеспе.
Сайып келгенде, ауылдың тазалығы-денсаулықтың кепілі. Ауыл тазалығы-баршаға ортақ.
Сондықтан, әр тұрғын өздерінің ауласын таза ұстағаны жөн.
Әр адам сенбілікке шығып, аз да болса өз үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі арта түсер еді.
Ауданымыздағы тазалыққа бағытталған бұл науқандық жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла атсалысу-әрбір ауыл тұрғынының міндеті.