АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ – КИІКТІ ҚОРҒАЙДЫ
Ақбөкен дейміз, киік дейміз… Көпшілік Қызыл кітапқа енген деп ойлайтын түр, бірақ, Қазақстанда кәсіптік аң болғандықтан Қызыл кітапқа еңбеген. Дегенмен, оның қорғалу дәрежесі жоғарғы деңгейде – оны аулауға мораторий жарияланып, бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кезінде көп болған дала бөкенінің қазіргі таңдағы жағдайы қандай? 2019 жылдың көктемгі санақ нәтижелері бойынша, киіктің қазақстандық үш популяцияларындағы саны осындай: орал – 217 000 дарақ, бетпақдала – 111 500 дарақ, үстірт – 5 900 дарақ. Демек, үстірт популяциясында ғана киіктің саны өте төмен. Осы проблеманың себептері туралы, сонымен қатар оны шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатқандығы жөнінде сарапшылар баяндайды.
Мәселен, «Қарағанды облыстық Экологиялық Музей» қоғамдық бірлестігінің биологы Айбат Мұзбайдың айтуынша, осыдан отыз жыл бұрын үстірт популяциясындағы киіктің саны 270 мың дарақ болған.
«Ақбөкеннің үстірт популяциясындағы санының азаю себептеріне осыларды жатқызуға болады:дағдарыстық 1990-шы жылдарындағы жапай браконьерлік, сонымен қатар әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан мүйіздерді Қытайға өткізу үшін браконьерлік; 2011 жылдан бастап, Бейнеу-Шалқар теміржолы салынғанға дейін Өзбекстанмен мемлекеттік шекара желсіндегі тікенекті сым арқылы өткен кездегі өлуі; құбыр желісін, автомобиль және темір жолдарын салу, мұнайгаз кенорындарын барлау және пайдалану, жұмысшы (вахталық) поселкелерін тұрғызу салдарынан табиғи мекендеу орталарының қысқаруы мен өзгеруі», – деп, мәлімдеді ол.
Өз пікірімен NABU Германиялық табиғатты қорғау одағының халықаралық сарапшысы Штефан Михельде бөлісті:
«Киіктің үстірт популяциясысоңғы жылдары, негізінде, Ақтөбе облысының аумағында (Байғанин және Шалқар аудандары) мекен етіп жүр. Гипотезалардың біреуі бойынша, оның мыңжылдық миграциялық жолын Шалқар-Бейнеу темір жолы кесіп өтіп, тоқтатты. Ол мыңдаған бас киіктер үшін үлкен бөгет емес. Әдетте алғашқы жүздіктер, су немесе басқа да бөгеттерге жақындаған соң, басы мыңдаған отардың қысымымен алға қарай жылжып кетіп, қалғандары олардың ізінен ереді. Демек, онсыз да саны көп емес үстірт киіктері барлығы бірге жүрмейді, бөлек-бөлек топтасып келеді. Әрине, бөгеттен осылайша өту үшін бұл жеткіліксіз. Миграция тоқталуының және бір гипотезасы–популяцияның саны аз болғандықтан, оның қазір мекен етіп жақтан жеріндегі бар шөбі жеткілікті. Кезінде жарты миллион киікті оңай азықтандырып отырған аумақ небәрі 5-6 мың үшін кең-байтақ. Бірақ бұл уақытша. Егер біздер браконьерлік проблемасын толық шешіп, аурулардан қырылуына жол бермесек, 10-15 жылда популяция өзінің бұрынғы қалпына келе алады. Киіктер тез көбейеді, бастысы – көбеюіне кедергі жасамау керек».
Ақтөбе облысы бойынша табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше маңызды тапсырыстар бойынша аға инспекторы Нұрлыбек Сүйентаев киікті қорғау ісінде жергілікті халықтың көмегіне жүгіну керек деп есептейді.
«Киіктер жылына бір кезек лақтанады – мамыр айында. Ересек ешкілер әдеттегідей 2, кей кезде 3 лақ табады, тек қана бір жасар ешкілер 1 құралайдан туады. Мүйізге сұраныс бар кезде браконьерлікті толық жою мүмкін емес, дегенмен барынша азайтуға болады. Тек қана биылғы жыл басынан мақсатты түрде мүйіз үшін аңшылыққа шыққан браконьерлерді ұстау үш оқиғасы болды. Соңғысында киіктің 22 мүйізі тәркіленді. Браконьерлік ауырлығы орташа қылмыс болып саналады, көп жағдайда ұсталғандар айыппұл төлеп, немесе шартты мерзіммен құтылып кетеді. Браконьерлікпен көбінесе аңшылықты күнгөрістің жалғыс түрі көретін тұлғалар айналысады. Сондықтан киіктің мекендеу ортасында тұрып жатқан жергілікті халықты жануарлар дүниесін қорғауға жүйелі түрде тартып, олармен ағарту және түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұру керек», – деді ол.
Табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы өз міндеті бойынша жануарлар дүниесін қорғауға тисіті «погон таққандардың» араларынан да заңсыз аңшылыққа шығатындары жоқ еместігіне қынжылды. Ол Ырғыз-Торғай резерватының қызметкерлері браконьерлік үшін жауапкершілікке тартылып, заңсыз аңшылығымен мемлекетке 40 миллионнан астам теңге мөлшерінде зиян келтірген оқиға туралы мәлімдеді. Осы істің фигуранттары, зиянды өтеп, тек қана шарттық жазамен құтылған.
Аңшылық: жақтау және қарсы
«Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік ассоциациясы кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов сарапшылар арасында өзектілігі жылдан жылға артып түсетін тақырыпты қозғады.
«Киікті қорғаудағы көптеген мәселелердің ішіндегі сарапшылар әзірше бірауыздық келісімге келе алмай жүрген мәселе аңшылық болып табылады. Табиғатты қорғау ісінен алыс адамдардың түсінігі бойынша, аңшылық деген жануарларды атып, жаппай қыру. Жануарды өлтіру арқылы оны құтқаруға болады деген, әрине, сандырақ естіледі. Кейбір «жасыл» аталатын ұйымдардың пікірінше, жабайы жануарларды сақтап қалу үшін кез келген аңшылыққа тыйым салу керек екен. Бірақ осы идея –утопия, құрғақ қиял. Ғасырлар бойы киікті аулап жүрген көшпенділер өздеріне азық табуды мақсат қылып, бірең-сараңы ғана көңіл көтеру үшін аулады, соның өзінде ауланған ақбөкендердің терісі мен мүйізі номадтардың тұрмысында пайдаланылды. Және осындай аңшылық отарлы мал шаруашылығымен бейбіт қатар жүргізіліп отырды, яғни үй және жабайы тұйяқтылар арасында жайылым үшін ешқандай бәсеке болған емес», – деді ол.
Әділбек Қозыбақов революцияға дейінгі кезде үйдің малы мен киіктер жайылымдарды аздырмай, шөпті тамырымен қопармай, ылғи жаңа жерлерге ауысып жүріп, пайдаланылған жайылымдарға өз қалпына келулеріне мүмкіндік беріліп тұрғанына назар аударды.Ақбөкеннің өсімталдығы жоғары болғандықтан, осындай тұрақты пайдалану оның санына айтарлықтай әсер еткен жоқ, сондықтан киіктер Еуразияның даласы мен шөлейттерінде ғасырлар бойы ежелгі миграция жолдарымен көшіп жүрді.
«Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау асоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің (ҚБСА) өкілі Мұхит Сүттібаевтың көзқарасы өзгеше:
«XXI ғасырдың басында, Қытайдың нарығында мүйізге сұраныс көбейіп, киіктердің тарихи минимумы байқалған кезде, сұраныс бақылауынсыз аңшылыққа тйыйм салынған болса, біздер жануардың осы түрінен айырылар едік. Ал егер қазіргі жағдайда аңшылыққа рұқсат етілсе, біздер білмейміз, не болатынын. Аңшылардан, браконьерлерден және нарықтан не күтетініміз белгісіз. Әрине, басқа да аңшылықтық түрлерге баға қойылатындай, ақбөкеннің де бағасы белгіленеді. Осыдан туындайтын басты сұрақ – Қытай нарығына мүйіздерді сататын адамдардысол баға қанағаттандыра ма? Қайткенде де, оларға аңшылықты барлық популяциялар аяққа тұрып, яғни киіктің жалпы саны миллион дарақтан асқан жағдайда ғана рұқсат етуге болады. Егер саны өте көп болса, адам мен киіктің арасында жайылым үшін даулар, әртүрлі аурулардың таралуы деген сияқты шиеленіс жағдайлар да көбейер еді».
Штефан Михельдің пікірінше, аңшылық, көптеген мамандар қолдайтын сақтап қалу құралы ретінде, жануарларды аяусыз қырудан түбірімен өзгеше келеді.
«Кеңес кезңіндегі киікке кәсіптік аңшылық арзан диеталық еттің көзі ретінде танылған баршаға. Осы аулау тұрақты пайдаланудың принциптеріне толық сәйкес болды деп айта алмаймыз, себебі кейбір жылдары киіктің саны едәуір азайып жүрді. «Ауыл шаруашылық дақылдарына зиянды» азайту үшін жүргізілген санын арнайы реттеу де өз әсерін ішінара тигізді. Заңсыз аулау да сол жылдары қандай да бір деңгейде болса да орын алып тұрғаны құпия емес. Қазіргі таңда киіктерді тұрақты пайдаланудың тәсілдері туралы ойлансақ, біздер өзгерген жағдайларды ескеруіміз керек – әлеуметтік, экономикалық, экологиялық. Сондықтан кеңес жылдарындағы аулау жүйесін тәжірибе ретінде тікелей қабылдау – дұрыс емес, себебі ол, 90-шы жылдарындағыдай, ақбөкен санының қайтадан тез азаюына әкелу мүмкін. Популяцияға әсер ететін барлық факторларды (мысалы, миграция жолдарындағы бөгеттер, аурулар, ауа-райы жағдайлары және т. б.) ескере отырып, аулауға болатын нормаларды анық белгілеу керек, сонымен қатар, зиян келтірмейтіндей барынша пайдасын көру үшін әртүрлі тәсілдерді бір-бірімен ұйқастыру қажет», – деп, халықаралық сарапшы түсіндірді.
Ол және киіктер мен олардың мекендеу ортасын сақтау бойынша іс-шараларды ынталандыру керек екендігін айтты. Бұл экологиялық туризм, туристік және әуесқойлық аңшылық, ет пен мүйіз үшін ұйымдастырылатын кәсіптік аңшылық, сонымен қатар табиғи өлім-жітімнен пайда болған мүйіздерді дайындау болу мүмкін. Бастысы, оның пікірінше, ақбөкенді пайдаланудың кез келген тәсімінде жергілікті тұрғындар белгіленген мезанизмдер арқылы киіктердің қорғалуы мен аман қалуы үшін жауапкершілікті мойнына алып, оларды пайдаланудан тікелей пайда көре алатындай «қожайын» болу керек.
«Шын мәнінде, қазіргі жағайда аңшылық аз емес деңгейде жүріп жатыр, бірақ заңсыз, яғни киктің және жергілікті қоғамдастықтардың пайдасына емес. Оны жергілікті тұрғындар сақтауға ынталанатындай және киікті олар үшін зиянкес пен бәсекес емес, керісінше пайдалы түр және ресурс екенін көрсететіндей заңды пайдаланумен алмастыру керек», – деп, ұсынды Штефан Михель.
Жақын арада интернет желісінің кеңістігінде ақбөкеннің тұтас етінің жанында тұрған олжалық аңшының фотосуреті шықты. Бұл түсірім қай жерде жасалды – анықтау қиын. Айбат Мұзбайдың сөзінше, ол шығыс-европалық елдерінің біреуіндегі жеке меншік аң өсіру фермасында жасалған болу мүмкін.
«Киікті өсіру үшін генетикалық материалды Украинадантабуға болады. Ол осы жағдайда ғана түсірімнің заңды жасалғандығын растайды.Егер де түсірім жабайы табиғатта жасалған болса, онда ол заңсыз аңшылықтың фотодәлелі болып табылады. Жалпы алғанда, шетелдік олжалық аңшылар тарапынан браконьерлік оқиғалары, әрине, болу мүмкін, бірақ оны кең тараған құбылыс деп айтуға болмайды. Ондай оқиғалар орын алған болса да, олар бірең-сараң және киік популяциясының ахуалына ешқандай әсерін тигізе алмайды. Олжалық аңшылар тарапынан болатын барконьерлік олжалық аңшылық идеясының өзінің беделін түсіріп, оның қарсыластарының қолына олжалық аңшылыққа тыйым салғызу үшін аргумент береді, бірақ бұл басқа мәселе. Сондықтан парасатты олжалық аңшылар өздерінің абыройын қорғау үшін осындай оқиғаларды анықтауға және түбірімен жоюға атсалысу керек», – деді ол.
Ақбөкенге олжалық аңшылық ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы Тәжікстан сарапшысы, Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Орта Азияда тұрақты өмірді қамтамасыз ету бойынша (SULi CA) жұмысшы тобының төрағасы Халил Каримовта өз пікірімен бөлісті:
«Киікке олжалық аңшылық үшін рұқсат беру рәсімін жоспарлаған кезде тоқсаныншы жылдардағы теріс тәжірибені ескерген жөн, яғни олжалық аңшылық болды, бірақ аңшылардан түскен қаражаттың әділетсіз таратылғандығынан жануарлар дүниесінің сақталуына ықпалын мүлдем тигізген жоқ. Аңшылар шығарған ақша пайдаланылып отырған түрді қорғап, өсмін молайтуға арнайы жұмсалуы керек, және оның ауланатын жерінде ғана.Қаражатты тек қана осылай пайдаланған жағдайда аңшылық пен аңның өсімін молайту арасында байланыс болады.Егер де қаражат аумақты қорғап, басқаратындардың қолдарына түспей, сырттан келген ұйымдарға, маңызды емес, ғылыми болсын, жеке меншік немесе мемлекеттік болсын, түсетін болса, бұл популяцияның нақты жағдайына ешбір әсер етпейді».
Айбат Мұзбай аңшылықтың осындай оқиғалары, мейлі олар заңды немесе заңсыз болсын, шетелдік аңшылар, жергілікті тұрғындар да дәл солай, киікті пайдалануға мүдделі екенін көрсететінін түсіндірді.Оның ойынша, ақбөкен –Қазақстандағы жабайы жануарлар арасында көбею жағынан чемпион болып табылады, сондақтан шамадан тыс көбеюі олардың өздері үшін де қауіпті болуы мүмкін.
«2019 жылдың маусым айындаақпараттық порталдардың біреуінде «Қазақстанның батысы киіктердің шабуылынан жапа шегуде» деген назар аударарлық атымен мақала шыққан. Мақалада Батыс-Қазақстан облысының ауыл тұрғындары үшін 200 000 жуық киіктің келуі нағыз апатқа айналғандығы жөнінде мәлімденген. Жергілікті тұрғындар олардың жайылымдарын киіктер тапап өтіп жатқандарына шағымдануда, ал ауыл тұрғындары да, өңірлік билік те осы жағдайда әлсіз, себебі ақбөкен мемлекеттің қорғауына алынған аң. Жануарлардың көп мөлшердегі саны жабайы мен үй жануарлар арасындағы аумақтық бөгеттерді қиратып, әртүрлі аурулардың таралуына жол ашады. Біздер бірнеше апта ішінде едәуір киіктерден айырылып қалуымыз мүмкін, 2015 жылы бетпақдала популяциясында орын алған жағдайдағыдай. Немесе мемлекет ақбөкеннің санын ату арқылы реттеу туралы шешім қабылдау мүмкін. Бұл мыңдаған киік үшін аяусыз жаппай қырылуға айналу мүмкін», – деп, сарапшы алаңдаушылығын білдіртті.
«Туған табиғатымызды сақтаймыз»
Қазақстанда екінші жыл қатарынан киіктің үстірт популяциясын жергілікті тұрғындарды тарту жолымен сақтау бойынша жоба іске асырылып жатыр. Жобаның жүзеге асырылуы Германияның федералдық қоршаған орта министрлігінің (BMU) Германия табиғатын қорғау одағы (NABU) арқылы қаржылай көмегінің арқасында мүмкін болды. Жоба үйлестірушісі Әділбек Қозыбаковтың айтуынша, браконьерлік фактілердің едәуір бөлігін жергілікті қауымдастықтардың күшімен алдын алуға болады.
«Орта Азия, Ресей және Моңғолия аумағындағы байтақ далада тұрып жақтан рулар мен тайпалар дәстүрлі түрде ғасырлар бойы киікті аулаған, бүгінгі күнде де аңшылық олар үшін отбасын асыраудың тәсілі ғана емес,өмірі мен салтының бөлігі болып табылады. Сондықтан мемлекет бюджетінен қыруар қаржы бөліп, «велосипедті ойлап табудың» қажеті жоқ. Бар болғаны, жергілікті қауымдастықтардың киікті және тұтас жануарлар дүниесін қорғауына біршама ықпалдасып, болашақта, аңның саны тиісті деңгейге көтерілген соң, олар мемлекеттен аулауға квота алатындай жағдай жасау керек», – деп, ұсынды ол.
Осы жоба аясында, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен, осы жылғы жаздың басында сарапшылардың Ақтөбе облысы табиғатты қорғау полициясы менорман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлескен түрде киіктің үстірт популяциясының облыс шегіндегі мекендеу ортасына, сонымен қатар Шалқар ауданының Бегімбет және Байқадам селоларына іс-сапар ұйымдастырылды. Бірнеше күн ішінде ақбөкеннің миграция жолдары мен төлдену орындары зерттеліп, кездескен топ киіктердін санағы жүргізіліп – барлығы, биылғы құралайларын қосқанда, 800 дарақтай саналды, олардың жыныстық-жастық құрамы анықталды.
Бегімбет селосында біріккен топ Айшуақ селолық округ өкілдерімен, осы жылдың басында жергілікті кәсіпкер-фермер Дүйсенбек Аман төрағалық еткен ауыл тұрғындарының бастамашыл тобымен құрылған «Баян-Шаған» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен, басқа да қызығушылық білдірген ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Табиғатты қорғау полициясы мен аумақтық инспекция өкілдері ауыл тұрғындарына браконьерлікпен күрес бойынша табиғатты қорғау заңнамасының нормаларын және барконьерлікке қарсы қызметке белсенді араласып жүрген азаматтарды ынталандыру бойынша қарастырылған шараларды түсіндіріп, осы құрылымдардың және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті«Охотоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе филиалының қабылдап жатқан шаралары туралы сөз қылды.
Кездесу барысындаауыл тұрғындарының осы бастамасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен NABU арасындағы табиғатты қорғау саласындағы әріптестік турады меморандумға толық сәйкес екендігі айтылды.
Кездесуге қатысқан Штефан Михель Тәжікстан мен Қырғызстанның ауылдық қауымдарын жабайы аңдардың жойылып бара жатқан түрлерін – таутекені, иірмүйізді текені (мархур), арқарды, қоңыр аюды және тау барысын қорғауға тарту бойынша табысты тәжірибесімен бөлісті. Ол NABU бүгінгі күні киіктің барлық қазақстандық полуяциялар арасында саны ең аз үстірт полуляциясының сақталуына ерекше мән беретінін жеткізді. Өз сөзінің соңында халықаралық сарапшы жергілікті қауымдастықтар мен ҮЕҰ, мемлекеттік құлылымдары мен халықаралық ұйымдарының атсалысуымен киікті тек қана сақтап қалу емес, оптималды деңгейге дейін санын қалпына келтіре алатынымызға үміт артты.
Кездесу соңында Штефан Михель «Баян-Шаган» ҚБ басқарма төрағасы Дүйсенбек Аманға киіктерді бақылау кезінде жақындатып көру үшін және браконерлік фактілерді анықтап,табиғатты қорғау құрылымдарын хабардар етугепайдалану үшін фотоаппарат, құбырлық дүрбі, дүрбілер және GPS-навигаторлар табыс етті.
Дүйсенбек Аман, алғысын білдіртіп, ауыл тұрғындары, әсіресе туған табиғатқа әрдайым жанашыр болып жүрген қоғамдық бірлестіктің мүшелері, енді оны сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындарын айтты.
«Қолымыздағы заманауи құрал-жабдықтарымызбен біздер ақбөкенді сақтауға арналған нақты жұмыстар атқара алатын болдық. Туған табиғатымызды қорғау біздер, ауыл тұрғындары үшін абыройлы іс және болашақ ұрпағымыздың алдындағы борышымыз болып табылады», — деді ол.
Ауыл тұрғындарының табиғатты қорғау бастамасы қалай жүзеге асып жатқандығы туралы Айбат Мұзбай жоба орындаушыларының бірі ретінде баяндап берді. Оның сөзінше, осы бастама бойынша жұмысты 2015 жылы NABU Еуразия бойыша халықаралық топ басшысы Тильманн Дитерих пен Штефан Михель жергілікті тұрғындардың киіктің жағдайы жөніндегі пікірлерін зерттеуден бастаған.
«Сөйтіп, 2017 жылы Байғанин ауданының Дияр ауылында жергілікті тұрғындар «Дала табиғаты» қоғамдық бірлестігінің құрылуына бастамашылық еткен. Кейін сондай бірлестік осында да (Бегімбет ауылында) ашылған, кезекте – Байқадам ауылында қоғамдық бірлестіктің ашылуы. Болашақта Шалқар ауданының Бозой ауылын, сонымен қатар Байғанин ауданымен шекаралас Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы мен Атырау облысы Жылыой ауданының ауылдарын қамту жоспарануда, яғни киіктің үстірт популяциясының Қазақстан аумағындағы миграция жолдарын қорғаумен толық қамтамасыз етуіміз керек», — деп мәлімдеді А.Мұзбай.
Әділбек Қозыбақов «Дала табиғаты» және «Баян-Шаған» қоғамдық бірлестіктері Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Қолдау-Қазақстан» көпсалалы коммерциялық емес холдингімен бірігіп, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік ассоциациясын құрғанын айтты.
«Табиғи орта» ассоциациясының бастапқы кезеңдегі басты мақсаты – Батыс Қазақстан ҮЕҰ күшін біріктіріп, киіктің үстірт популяциясын сақтау ісіне жұмсау. Ол үшін ассоциация базасында биоресурстарды қорғау бойынша қоғамдық инспекция құрылады. Қоғамдық инспекторлар жануарлар дүниесінің қорғалуына қоғамдық бақылау жүргізеді, ақбөкен мен оның мекендеу ортасының қазіргі жағдайын мониторингілейді, сонымен қатар мемлекеттік инспекторларының мен табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің браконьерлікпен күресіне ықпалдасады. Сонымен қатар, жалпыға қолжетімді электрондық форматында «Табиғи орта» экологиялық-ағарту журналы шығарылып, нақты жазушыларға қағаз нұсқасы таратылады», — деп, «Табиғи орта» ассоциациясы кеңесінің төрағасы жоспарымен бөлісті.
Келесі күні осындай кездесу көрші орналасқан Байқадам ауылында өткізілді, бұнда жергілікті тұрғындардың бастамашыл тобы киікті сақтауға арналған өздерінің қоғамдық бірлестігін құруға ниет білдірді. Бастамашыл топтың көшбасшысы Жетпісбай Төлебайға да қоғамдық инспекторлардың далалық жұмыстарына қажет арнайы құрал-жабдықтар табыс етілді.
Киіктің үстірт популяциясын сақтауға жергілікті қоғамдастықтарды тарту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда.
Дайындаған: Кәмшат Ізбасарова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Суреттерді ұсынған Әділбек Қозыбақов