Ауылдағы бір күн
Жақында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ертіс ауданының М.Горький орта мектебінде «ПАВЛОДАР-ЕРТІС» «Бір күн ауылда, бір күн қалада» атты іс-шара өткізілді.
М.Горький мектебінің оқушылары Венера Мусагитова мен Злата Дымова экскурсия жүргізді, мектеп тарихы туралы баяндап берсе, мектеп педагогтары арқан тоқу процесі мен жылқыға арналған құрал-жабдықтарды көрсетті.
Оқушылар қой қырқу, жүн түту, қой жүнінен жасалған бұйымдарды, қазақтың ұлттық құрақ көрпесін тігу рәсіміне қатысты. Кездесу концерттік бағдарламамен аяқталды.
Сондай-ақ лицей оқушылары ақын, әнші Иса Байзақов туған Үлгілі ауылына экскурсия жасады. Балалар Иса Байзақов атындағы мектеп мұражайына барып, И.Байзақовтың өмірі мен шығармашылығымен танысты.
Сондай-ақ, Ертіс ауданының «Киелі ағаш» қасиетті жерін де көруге мүмкіндік алды.
Үлгілі аулының тұрғыны Ерболат Нұркенов балаларды өз үйіне қонаққа шақырды. Үйінде ол ұлттық тағам – қоспа, май, қымыздың дайындау тәсілін көрсетті. Соңында қала қонақтарын ат арбамен серуендетті.
Өз тілшіміз.