АУЫЛДАРДАҒЫ АХУАЛ БАҚЫЛАУДАН ТҮСПЕЙДІ

Осы аптаның сәрсенбісінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірханов Қылышбай ауылында болып, Әлтай Төлепбергенов атындағы орта мектеп пен «Бөбек» бөбекжай бақшасының қысқы жылыту маусымына дайындығын бақылады. 

Алдымен Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің ғимаратының ішінің ағымдағы жөндеудің жай-күйімен танысып шыққан Ержан Әлімханұлы мектеп директорының міндетін атқарушы Мадина Көбенғараева мектеп ауласының абаттандыруын қолға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, ауыл әкімі Бәкір Исабеков пен «Мойынқұм су-жылу» КМК-ның инженері Шыңғыс Шынархановқа мектеп пен қазандық арасындағы жылу трассасының ескірген жерлерін үстіміздегі жылдың 25 тамызына дейін ауыстыруды тапсырды.

Келесі кезекте «Бөбек» бөбекжай бақшасының қысқы жылыту маусымына дайындығымен танысты. Мұндағы жағдай мүлдем қиын, тозығы жеткен құбырлардан аққан су ғимараттың қабырғасына нұқсан келтіріп жатқанын көрген аудан басшысының міндетін атқарушы жеделдетіп білім бөліміне, білім басқармасына жазылған қатынас хат пен атқарылып жатқан жұмыстардың құжаттарымен таныстыруд және қысқы жылыту маусымына дейін құбырларды жаңартуға қол жеткізуді тапсырды.

Содан соң ауылдағы медициналық пункттік қысқы жылыту маусымға дайындығымен танысып шықты, Ержан Әлімханұлы ішкі тазалығында мін жоқ бұл ғимараттың сыртқы тазалығы мен абаттандыруна көңіл бөлу керектігін ескертті.

Сапар соңында ауылдық округтегі мекемелердің жауапты тұлғалары мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне жиын өткізді. Онда ауылдың тазалығы өз қолымызда екенін жеткізген аудан басшысының міндетін атқарушы барлық қызметкерлерді қоғамдық жұмысқа араластыра отырып, ауыл тазалығын сақтап отыруды тапсырды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарынан қандай да бір ұсыныс болса аудан әкімдігі әрбір азаматтың ұсыныс-сұраныстарына құлақ асып жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.

 

Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ