Ауылдастары 21 жастағы азаматқа баспана салып берді
Қаракемерліктер жаңа жылды жаңа үйде қарсы алсын деген оймен ауылдық мешіттің имамы Әлішер Қаланбайға мешіт маңынан 5 бөлмелі тұрғын үйді сыйға тартты.
2001 жылы туылған азаматқа аудан әкімі тарапынан сыйлық және қайырлы істің қасынан табылған ауыл азаматтарына аудан басшысының Алғыс хаты табысталды.
Мешіт имамының қуанышына ортақтасуға аудан басшылары арнайы келді.
Құрылыс жұмыстарына 10 млн теңге жұмсалған. 5 бөлмелі пәтерге газ, электр көзі қосылған.
Мешіт имамы игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.
Жамбыл ауданы әкімдігі